Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет643/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   639   640   641   642   643   644   645   646   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
513
денелермен бірге өтеді. Актинмикоздың біріншілік (локальді) және салдарлық 
нысандары болады. Үдеріс көршілес мүшеден немесе тіннен өрістесе және 
саңырауқұлақ гематогендік жолмен жайылса, 
салдарлық жалпы актинмикоз
дамиды. 
Патологиялық 
анатомиясы

Тіндегі 
саңырауқұлақтың 
төңірегінде 
гиперемия мен стаз дамып, лейкоциттер шоғырланып, кішірек іріңдіктер 
қалыптасады. Іріңдіктердің айналасында макрофагтар мен дәнекер тіннің жас 
элементтері, плазмациттер көбейіп, ксантомды жасушалар пайда болып, 
жаңадан қан тамырлары түзіліп, оларды қоршап алады да, 
актинмикоздық 
гранулема
қалыптасады. Гранулеманың маңында жаңа гранулемалар түзіліп, 
бірігіп, кейде ірі көлемді актинмикоздық ошақтарға айналады. Бұл ошақтардың 
іріңдеген жерлері толыспаған және толысқан дәнекер тінмен шектеледі. 
Актинмикоздық ошақтардың кесіндісі сарғыш жасылдау, қатты; ұсақ іріңдіктер 
кәріз тәріздендіріп тұрады. Іріңге актинмицет друзасының (жіпшумақтарының) 
ақ түйіршіктері араласады. Друзалар саңырауқұлақтың таяқша тәрізді қысқа 
элементтерінен түзіледі (286-сурет). Бұл элементтердің бір ұшы шырмалған 
мицелийлерден қалыптасқан конгломераттың гомогенді орталығына бекиді. 
Друзалардың құрылуына тіндердегі преципитацияланатын белоктар да қатысты 
сияқты.
286-сурет. Актинмикоз. 
Іріңдегі актиномицеттік друзалар.
 
Ауру ұзаққа созылады, актинмикоздың инфильтраттары мүшелер мен 
тіндердің клетчаткасын және дәнекер тіндік жолақтарын қуалай жайылады. 
Үдеріс үнемі мүшелердің немесе тіндердің үстіне қарай өрістеп, жыланкөздер 
сыртқа ашылады. Бірде тіндер жидіп, ауқымды іріңдіктер қалыптасса 
(
деструкциялы актинмикоз
), тағы бірде, дәнекер тін көбейіп, деструкциялық 
үдеріс өрістеп, актинмикоздың 
деструкциялы-пролиферациялы нысаны
дамиды. 
Дамыған орнына қарай, бұл ауру мойын-бет актинмикозы (аурудың ең жиі 
нысаны), өкпе мен кеуде қуысындағы мүшелердің актинмикозы, сүйек-буын 
және бұлшықет актинмикозы, тері актинмикозы, жүйке жүйесінің, ж.б. 
мүшелердің актинмикозы деп жіктеледі. Актинмикоздың ең ауыр зардабы – 
амилоидоз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   639   640   641   642   643   644   645   646   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет