Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет648/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   644   645   646   647   648   649   650   651   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы
. Безгек плазмодийінің бірнеше түрі бар. 
Олардың жетілу мерзімі әртүрлі, соған сәйкес безгек ауруы да үшкүндік, 
төрткүндік және тропикалық нысандарға жіктеледі. 
Безгектің ең жиі нысаны — 
үшкүндік безгек
. Оның даму барысында 
эритроциттер ыдырап, анемия дамиды. Үшкүндік безгектің плазмодийі тек қана 
жас эритроциттерге, яғни ретикулациттерге қоныстайды; сол себепті анемия 
меңдей түседі (Войно-Ясенецкий М.В.,1950). Ыдыраған эритроциттерден 
түзілетін заттарды, әсіресе гемомеланинді, макрофагтық жүйедегі жасушалар 
сіңіріп, талақ пен бауыр ұлғаяды, сүйек кемігі көбейеді. Тініне жиналған 
пигменттен мүшелер бозғылт қоңыр реңге, кейде қара түске боялады. 
Талақ
алдымен қан толып, кейін пигментті сіңірген макрофагтар көбейіп (288-сурет), 
жылдам ұлғаяды, пульпасы қоңырқай тартып, тіпті қарайып кетеді. Аурудың 
жедел кезеңінде талақ толыққанды, жұмсақтау болса, созылмалы кезеңінде 
склероз өрістеп, қатайып, салмағы 3-5 кг жетеді (
маляриялық спленомегалия
). 
Бауыр
да қан толып, ұлғаяды , кесіндісінің беткейі бозғылт қара реңді болады. 
Жұлдызша ретикула-эндотелиоциттер тым көбейіп, цитоплазмасына 
гемомеланин жинайды. Безгек созылмалы болса, бауырдың стромасы дәнекер 


Нуржігіт Алтынбеков 
517
тін өсіп, қалыңдайды. 
Сүйек кемігіндегі
жасушалар көбейіп, олардың
цитоплазмасына пигмент жиналып, жайпақ сүйектер мен жіліктердің кесіндісі 
де бозғылт қоңыр реңді болады. Кейбір жерлерде сүйек кемігі мүлде болмайды. 
Ретикуло-эндотелийлік жүйенің мүшелерінде гемомеланоз бен гемосидероз 
қатар дамиды. 
Бауырүстілік
, яғни 
гемолиздік сарғаю
байқалады. 
Төрткүндік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   644   645   646   647   648   649   650   651   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет