Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет731/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   727   728   729   730   731   732   733   734   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық 
анатомиясы

Көмей, 
кеңірдек, 
бронхылар
мен 
конъюнктиваның
шырышты қабықшасы қатарлы қабынады. Шырышты 
қабықша ісініп, тамырларына қан толып, тым көп шырыш бөледі. Науқас 
тұмауратып, жөтеледі, көзі жасаурайды. Ауру ауыр әсерлі болса, некрозды 
ошақтар қалыптасып, шырышты қабықшалар көмескі тартып, бозғылт жасыл 
реңденеді, үсті ұсақ түйіршікті болады. Шырышты қабықшасы сулы ісініп, 
некроз шарпығандықтан, кеңірдектің бұлшықеттері рефлекстік негізде 
жиырылып, саңылауы тарылып, 
жалған
круп
дамып (шынайы круп жайлы 
«
Дифтерияны
» қара) науқас тұншығады (асфиксия). 
Микроскоппен
шырышты 
қабықшаның тіні сулы ісініп, қан тамырларына қан толғаны, эпителийі 
вакуольді дистрофияға, тіпті некрозға ұшырап, сыдырылғаны байқалады; 
шырыштық бездер шырышты көп түзеді, шамалап лимфоциттер мен 
гистиоциттер шоғырланады. 
Қызылшамен сырқаттардың 
шырышты қабықшасының эпителийі
, әдетте 
көп 
қабатты жайпақ эпителийге айналады
(метаплазия). Бұл құбылыс аурудың 
алғашқы кезеңінде, яғни 5–6-тәулігінде дамып, эпителийдің бөгендік қызметін 
күрт нашарлатады. Метаплазияның себебі – жергілікті авитоминоз А сияқты. 
Вирусемия мен вирустың жалпы жайылуы салдарынан энантемалар мен 
экзантемалар пайда болады. 
Энантема
– ақшыл дақ, төменгі кіші азу тістермен тұстас жердегі шырышты 
қабықшада пайда болады. Ол 
Бильшовский–Филатов–Коплик дағы
деп аталады. 
Энантемалар терідегі бөртпелерден бұрынырақ қалыптасады және олардың 
диагностикалық мәні зор. 
Экзантема
– ірі дақты папулалалық бөртпе; теріде қалыптасады. Олар 
алдымен құлақ қалқанының сыртында, бетте, мойын мен денеде, кейін қол мен 
аяқтың сыртында пайда болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   727   728   729   730   731   732   733   734   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет