Нуржігіт Алтынбеков 576
қосымша инфекцияға қолайлы жағдай туғызатындықтан,
вирус-бактериялық ангина дамиды. Ол жерден вирус лимфа арнасы арқылы лимфалық түйіндерге
жетіп, одан гематогендік жолмен бауырға, сүйек кемігіне, талаққа жайылып,
гистиоциттер мен моноциттерді және лимфоциттерді көбейтеді. Ақырында бұл
жасушалар қан арнасына шығып, қанда
жалпақ протоплазмалы лимфоциттер деп аталатын
атипиялы лимфоциттер мен мононуклеарлар пайда болады.
Атипиялы «жалпақ цитоплазмалы лимфоциттер» – өзгерген Т-лимфоциттер дейтін
жорамал
бар.
Кейбір
науқастардағы
атипиялы
мононуклеарлар
қойдың
эритроциттерімен әрекеттескенде Т-лимфоциттерге тән розеткалар түзеді және олардың
беткейінде иммундық глобулиндер болмайды. Бұл да Т-лимфоцитердің популяциясына
тән қасиет.
Инфекциялық мононуклеоздың
қалыпты және
атипиялы нысандары бар.
Олар өз ретінде жеңіл, орташа және ауыр әсерлі болады. Емшектегі балаларда
бұл ауру көбіне ауыр әсерлі болып, гепатоспленомегалия, нейтропения,
тромбоцитпения байқалады, ОЖЖ зақымдалады. Тонзиллофарингит пен
тынысалу жолдарында обструкциялық синдром жиі дамиды. Аурудың
атипиялы нысанында осы ауруға тән симптомдар – ангина, дене қызуының
көтерілуі, бөртпелер болмайды. Инфекциялық мононуклеоздың атипиялы
нысандары
ішкі мүшелер басым зақымдалатын және
ОЖЖ басым зақымдалатын нысандарға жіктеледі.
Патологиялық анатомиясы .
Инфекциялық
мононуклеозбен
сырқаттанғандар сирек өледі, сондықтан оның патоморфологиялық бейнесі
операция жасап алынған бадамша бездер мен оның биоптатын зерттеу арқылы
пайымдалған.
Макробейнесін зерттегенде
бүкіл лимфалық түйіндер (әсіресе мойынның) мен
талақ және
бауырдың ұлғайғаны байқалады, жұтқыншақ сақинасының тіні
сулы ісініп,
ангина дамиды, кейде
геморрагиялы диатез орын алады. Лимфалық
түйіндер жұмсақ әрі серпімді болып, кескенде тіні сарғыштау немесе бозғылт
қызыл реңді келеді, кейбір жерлерінен ақшылдау сарғыш некрозды ошақтар
байқалады. Бадамша мен жұтқыншақ сақинасының тіні сулы ісініп, қан толып,
ұлғаяды, кейде фибринді қабыршық басып, некроз шарпиды немесе ойық
жаралар пайда болады. Талақ ұлғайып, қабығы керіледі, тіні қоңыр қызғылт
түсті болып, пульпасынан мол қырынды алынады. Бауыр тініне қан толып,
ұлғаяды, кейде сарғыш тартады, бөлікшелерінің бейнесі айқындала түседі. Тері
үнемі бөрте қоймайды; бөртсе, скарлатинадағыдай немесе қызылшадағыдай,
немесе геморрагиялы бөртпелер қалыптасады.