Нуржігіт Алтынбеков
577
Басқа инфекция қосылса,
бадамша безді
некроз шарпып, эпителийі
сыдырылып, ойық жаралар пайда болады, лейкоциттер жайлайды. Осы бездің
төңірегінде, сілекей бездердің интерстицийінде, жұтқыншақтың сақинасы мен
қабырғасына да мононуклеарлар жиналады.
Талақтың
тіні сулы ісінеді, қабығын мононуклеарлар жайлап, кейде жыртып
жіберіп, құрсақ қуысына қан кетіп, науқас өлімге ұшырайды.
Сүйек кемігінде
лимфоциттер мен моноциттер көбейіп, шоғырланады.
Инфекциялық
мононуклеозға
тән
өзгерістер
бауырда
өрістейді.
Лимфоциттер мен плазмациттер, ірі мононуклеарлар қақпалық жолда, бауыр
бөлікшелерінің ішінде ауқымды инфильтраттар түзеді, бірақ бөлікшелердің
қалыпты құрылысын бұзбайды (316-сурет). Гепатоциттер шамалап дистрофияға
ұшырап, кейде холестаз дамиды, некрозды ошақтар сирек байқалады. Бұл
өзгерістер
бірен-саран
жағдайда
ғана
бауыр
циррозына
ұласады.
Мононуклеарлар кейде
өкпені
,
эндокард
пен
перикардты
,
миокардтың
,
бүйректің, ұйқы безінің интерстицийін,
асқорыту жолының шырышты
қабықшасын
,
көлденең жолақты бұлшықеттер
мен
теріні
де,
эндокриндік
бездерді
де жайлайды.
Достарыңызбен бөлісу: