Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет735/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   731   732   733   734   735   736   737   738   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
581
тамырлары спазмға ұшырап қана қоймай, науқас құсып, басқа да клиникалық 
нышандар орын алатынына қарағанда тынысалу орталығымен қоса басқа да 
вегетативтік орталықтар тітіркендірілетін сияқты. 
Спазмды жөтелдің 
ұстамасынан 
жоғарғы қуыс веналық жүйеге 
қан іркіледі
, сондықтан жүйкелік 
орталықтың әсері үдеп, қанайналымы одан әрі бұзылып
гипоксия
дамиды. 
Коклюш 
емшектегі балаларда
ауыр ағымды болып, жөтелдің спазмды 
ұстамасы байқалмайды; бірақ оның орнына 
апноэның
ұстамасы
дамып 
(тынысалу тоқтап); сәби тұншығып, есінен танады. Аурудың мерзімі 1,5–3 ай. 
Серопрофилактика жасап, вакцинаны жалпы егудің арқасында қазір 
көкжөтелдің ағымы жеңілдеп, онымен сырқаттану азайып, өлім-жітімнің үлесі 
де 0,1%-дан аспайтын болды. 
Патологиялық анатомиясы
. Аурудың ұстамасы кезінде өлгендердің беті 
ісініп, қолы мен аяғы көгереді (акроцианоз), конъюнктивасы мен бет терісінде, 
ауыздың шырышты қабықшасында, плевра мен үлпершекте қанды дақтар 
болады. 
Тынысалу жолының шырышты қабықшасына қан толып, шырыш басады. 
Өкпе эмфиземадан қампаяды, плевраның астына ауа көпіршіктерінің тізбегі 
қалыптасып, 
интерстицийлік
эмфизема
дамиды. Ауа көкірек қуысына, мойын 
мен тұлғаның клетчаткасына жайылып, кейде 
спонтанды (өздігінен) 
пневмоторакс
орын алады. Өкпенің кесіндісі толыққанды, ателектазды жерлері 
ойыстау келеді. Микроскоппен зерттегенде 
көмей
мен 
кеңірдектің

бронхылардың
шырышты қабықшасында 
ұйымалы катар
дамығаны 
байқалады. Шырышты қабықшаның тіні қан толып, сулы ісінеді, эпителий 
көпіршіктеніп, шырыш көп түзіледі, аздап лимфоциттер мен гистиоциттер 
шоғырланады. Ұсақ бронхылардың қабырғасы жиырылып, ішкі беті иректеліп 
тұрады. Өкпенің паренхимасы сулы ісініп, толыққанды, ателектазды келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   731   732   733   734   735   736   737   738   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет