Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет762/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   758   759   760   761   762   763   764   765   ...   832
Ми сауытындағы тератомалардың
жартысына жуығы қатерлі, құрамына 
эмбриондық тін кіреді. Экстрапинеалдық (томпақтау денешеден тысқары) 
тератомалардың кейбіреуі хорионэпителиомадан қалыптасып, ми сауытының 
астында жайғасады, гематогендік жолмен өкпеге метастаз жаяды; шарана мен 
жаңа туғандарда байқалған. Ұл балаларда көбіне томпақтау дененің тұсында 
өсіп, олардың эндокриндік жүйесін зақымдап, жыныстық тұрғыдан ерте 
жетілуіне себеп болады. 
Тератобластома
– тератоманың қатерлі нысаны; оның құрамына 
жетілмеген, өте өсімтал тін немесе көбінесе экстраэмбриондық тіндер кіріп, 
жетілген тіндердің элементтері де араласады. Тератобластомалар тез өсіп, 
метастаздар жаяды. Ісіктің негізгі түйініндегідей, метастаздың құрамында да, 
жетілген және жетілмеген тіндер болады. Жетілмеген тіннен ғана құрылған 
тератобластома сиректеу, әдетте тек экстраэмбриондық тіндерден құрылады. 
Эмбрионның камбийлік тіндерінен туындайтын ісіктер 
Медуллобластома
 

 
эмбриондық нейроэктодерманың түбірлік жасушалары, 
яғни медуллобластылардан туындайтын қатерлі ісік; цитоплазмасы жоққа жуық 
сопақтау немесе жұмыр жасушалардан құрылады. Бұл жасушалар шоғырланып, 
розетка
(дөңгелек құрылым) түзеді, оның орталығында жасушалық өскіндер 
жайғасады. Медуллобластомаға құрамындағы жасушалар белгілі ретпен тізіліп 
немесе қатарласып құрған, 
ырғақты құрылымдар 
тән (333-сурет). Онтогенезде 
медуллобласт толысып, нейробластыға немесе спонгиобластыға айналады. Бұл 
ісіктің көбі балаларда дамып, мишықтың (
медуллалық
) түтікше түйісетін, яғни 
ортанғы сызығында орналасады. Медуллобластома – тіні жұмсақ, сұрғылт 
қызылдау ісік; мидың тіні мен жұмсақ қабықшасына жайылып өседі. Ми 
сұйықтығы арқылы ОЖЖ-ның өзіне ғана жайылады. Гематогендік жолмен 
өкпеге жайылатын метастаздары өте сирек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   758   759   760   761   762   763   764   765   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет