Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет770/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   766   767   768   769   770   771   772   773   ...   832
Байланысты:
струков патан

аралас
 
нысаны
да кездесіп қалады. 
Силикоздық түйіншектердің осы ауруға тән — типті және бейтипті 
нысандары болады. 
Типті түйіншектің
құрамының өзі екі басқа. Концентрлі 


Нуржігіт Алтынбеков 
607
түйіскен гиалинді дәнекер тін талшықтарының будаларынан құрылып, дөңгелек 
бітімді болса, екіншісі, түрлі бағытта құйын тәрізді иіріліп жайғасқан дәнекер 
тін будаларынан түзіліп, пішіні әртүрлі болады (340-сурет). 
Бейтипті 
түйіншектің
бітімі әртүрлі, оның құрамындағы дәнекер тін будалары 
контрцентрлі жайғаспай, құйын тәрізді ретсіз иірімдер түзеді. Силикоздық 
түйіншектерде жалаң жатқан және 
тозаңдық
жасушалар 
деп аталатын 
макрофагтар, яғни 
кониофагтар
сіңірген тозаң көп болады (341-сурет). 
340-сурет. Силикоздың типтік түйіншегі:
а — түйіншекте концентрлі жайғасқан коллаген талшықтарының 
будалары; б — түйіншекте құйын тәрізді ретсіз жайғасқан будалар.
 
341-сурет. Силикоз: 
а
львеолалық макрофаг (кониофаг); 
макрофагтың цитоплазмасына жиналған кварц 
кристаллдарының (Кв) конгломераттары мен жеке 
бөлшектері; Я — ядро; М — митохондрия; Лз — 
лизосома. Электронграмма. 25 000 (Поликардан).
 
Силикоздық түйіншектер 
альвеолалардың 
саңылауы 
мен
альвеолалық жолдарда
және 
лимфалық тамырлардың орнында да дамиды. 
Альвеолалық 
гистиоцит 
шаң 
сіңіріп, 
кониофагқа айналады. Көп мөлшерде және 
ұзақ мерзімді шаңданғанда, кониофагтар 
сыртқа толық шығарылмай, альвеолалардың 
саңылауы 
мен 
альвеолалық 
жолдарға 
тығыздалып шоғырланады. Жасушалардың 
арасында коллаген талшықтары көбейіп, 
жасушалы
-
фиброзды
түйіншектер
қалыптасады. Шаңның әсерінен біртіндеп 
жасушалар жойылып, дәнекер тін талшықтары көбейе түсіп, типтік 
фиброзды
түйіншектер
пайда болады. Түйіншектер лимфалық түйіндерде де тап осылай 
түзіліп, оларды да толық жайлайды. 
Силикоздық түйіндер тым ірі болса, орталығындағы дәнекер тіні ыдырап, 
силикоздық
каверна
пайда болады, өйткені өкпенің қан тамырлары мен 
жүйкелік аппараты бүлінеді, оның үстіне силикоздық түйіншектер мен 
түйіндердегі дәнекер тін де биохимиялық қалпынан тайып, ыдырағыш келеді. 
Коллагеназаның әсеріне қалыпты дәнекер тіннен гөрі силикоздық дәнекер тін 
сезімтал екені белгілі. 
Бифуркациялық және өкпенің түбіріндегі, мойындағы, бұғананың астындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   766   767   768   769   770   771   772   773   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет