Нуржігіт Алтынбеков 614
byssos — кендір), мата және фармацевтика өндірісінде жұмыс істейтіндерде
байқалады.
Патогенезі. Органикалық шаңдардың әсерінен бронхылар мен өкпенің
тінінде дамитын өзгерістер аллергиялық және иммун-патологиялық үдерістерге
негізделеді. Әдетте, бронхылық астмаға тән атипиялық жауап пен өте жедел
анафилаксиялық жауап өрістейді және иммундық кешендердің әсерінен өкпенің
микроциркуляциялық арнасы зақымдалып, пневмонит дамиды.
Патологиялық анатомиясы . «Фермерлік өкпе
» және
«құс өсірушілер
өкпесі» деп аталатын аурулардың морфологиялық негізі —
экзогендік аллергиялық альвеолит («Өкпенің интерстицийлік ауруларын » қара). Ал,
биссинозға
созылмалы обструкциялық бронхит пен
бронхылық астма тән
(«
Өкпенің бейспецификалық созылмалы ауруларын» қара).
Физикалық факторлардың әсерінен дамитын кәсіптік аурулар Клиникалық тұрғыдан, бұл аурулардың ішінде маңыздылары: кессондық
(декомпрессиялық) ауру, вибрация (вибрациялық ауру) мен өндірістік
шулардың (шулық ауру) әсерінен дамитын аурулар, радиожиіліктегі электр-
магниттік толқындар мен иондаушы сәулелердің (сәулелік ауру) әсерінен
дамитын аурулар.
КЕССОНДЫҚ (ДЕКОМПРЕССИЯЛЫҚ) АУРУ Кессондық ауру қысымы жоғары ортадан қалыпты қысымды ортаға күрт
ауысқанда дамиды. Бул ауру көпір, тоған, док, тоннель сияқты құрылыстарды
кессонда жүргізетін жұмысшыларда байқалады. Тыныс алғанда қабылданған
ауаның құрамындағы азот кессондағы жоғары қысымның әсерінен тіндер мен
қанға тым көп сіңеді. Ал, қалыпты қысымға күрт ауысқан кезде (декомпрессия)
тіндердегі азот тым тез босап, өкпе арқылы сыртқа толық шығарылмайды да,
газ көпіршіктері тіндерге, қан мен лимфалық тамырларға жиналып, олардың
саңылауын бітеп тастайды (
декомпрессиялық ауру ). Қанайналымы бұзылып,
тіндерде заталмасулық үдеріс бұзылады. Кессон камерасындағы адам одан
шығысымен немесе бірнеше сағаттан соң, кейде бірнеше (1-20) тәуліктен кейін
опат болады.