Нуржігіт Алтынбеков
613
пайымдауынша, склероз көмір шаңының әсерінен де дамиды, бірақ ол кварц шаңының
әсерінен дамыған склероздай айқын бейнелі емес.
Әдетте, силикозға қарағанда, «таза» антракоз ұзақтау дамып, ағымы қатерсіз
болады, өйткені көмір шаңын
макрофагтар жақсы сіңіріп, бронхылар мен
лимфалық кәріз арқылы үздіксіз шығарылып тұрады.
Көмір шаңының
құрамында кварц көп болса,
склероз тым өрістеп, антракосиликоз, яғни
силикоантракоз
деп аталатын аралас пневмокониоз дамиды.
Патологиялық
анатомиясы
. Антракозбен ауырғанда
склероз көмір шаңдары
жиналған жерлерде, яғни альвеолааралық перделерде және бронхылар мен қан
тамырларының айналасында өрістейді. Шаң кониофагтарда (346-сурет) және
олардың сыртында жайғасады. Жаңа дәнекер тін өсіп, кониофагтар
шоғырланған
жерлер
антракоздық
ошақтар
деп аталады. Антракоздық
ошақтар біріксе,
антракоздық
ірі
түйіндер
қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: