Нуржігіт Алтынбеков 612
гаптендік
қасиеті
бар,
сондықтан
организм
сенсибилизацияланып,
бериллиозбен сырқаттардың мүшелерінде гранулемалар қалыптасады.
Патологиялық анатомиясы . Бериллиоздың екі нысаны бар: жедел және
созылмалы.
Жедел бериллиозбен сырқаттарда пневмония дамып, экссудатта
альвеолалық эпителий, лимфоциттер мен плазмациттер, лейкоциттер мен
эритроциттер көп болады. Бериллиоздың соңғы кезеңінде алвеолалардың
пердесі мен саңылауында милиарлық түйіншектер —
бериллийлік гранулемалар қалыптасады. Алғашқы кезде гранулемалар гистиоциттер мен эпителиоид
жасушалардан және бірен-саран лимфоциттер мен плазмациттерден,
Лангханстың алып жасушалары мен бөгде денелік алып жасушалардан
құрылады. Ақырғы кезеңінде аргирофилдік және коллагендік талшықтар
түзіліп, гранулема склероздық түйіншекке айналады.
Гранулемада
конхоидтық (қабыршықты)
денешіктер деп аталатын
құрылымдар (темірді анықтайтын реакция болымды) болады (345-сурет),
олардың диаметрі 100 мкм-дей.
Созылмалы бериллиозбен сырқаттардың өкпесіндегі аралық тінде склероз
өрістеп, милиарлық гранулемалар түзіледі (
гранулемалы созылмалы бериллиоз ).
Кейде гранулемалар тым көбейіп (
милиарлы бериллиоз ), бірігіп, сұрғылт ақ
түсті ірірек түйіншектерге айналады; олардың диаметрі 2 мм-дей, кейде — 1,5
см-дей.
Кеңірдектің бифуркациясы тұсындағы және өкпенің түбірі мен мойындағы
лимфалық түйіндердің кесіндісі ақшыл сұр, сарғыш немесе қара түсті болып,
тінінен гранулемалар байқалады. Бір ерекшелігі — бұл гранулемаларда
некрозды және ізбесті ошақтар болмайды. Гранулемалар