Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет794/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   790   791   792   793   794   795   796   797   ...   832
Байланысты:
струков патан

Цементтік кариес
сирек, көбінесе тістің түбірі ашылып қалғанда немесе 
периодонт қабынғанда дамиды. Даму барысында цемент зақымдалып, 
ыдырайды (
цементолиз
). Кейде цементті қабат қалыңдай түседі 

гиперцементоз

Асқыну
зардабы
. Орташа, әсіресе терең кариестің негізгі зардабы 

пульпит. 
БЕЙКАРИЕСТІК ЗАҚЫМДАР 
Тістің қатты тіндерінің 
бейкариестік зақымдарына
сынатәрізді ақау, 
флюороз, тістің эрозиясы мен қышқылдық некрозы жатады. 
Сынатәрізді ақау
– көбіне ит тістер мен премолярлардың сыртқы, яғни
вестибулалық бетіндегі қатты тіндерде қалыптасатын үдеріс. Ол асқорыту және 
эндокриндік жүйе ауруларының салдарынан 
кіреуке
мен 
дентинде
органикалық 
заттар дұрыс алмаспағандықтан
дамып, тістің мойын тұсында қалыптасады. 
Көбіне пародонтозбен сабақтаса өрбиді. Тістің пульпасы қосымша дентинмен 
жабылып, семіп, шорланады. Сынатәрізді ақау көп жылдарға созылады. 
Флюороз
(гиперфтороз, теңбіл кіреуке) – организмге фтор ұзақ уақыт, тым 
көп мөлшерде түскенде дамитын ауру; тіс және басқа да мүшелер зақымдалады 
(латынша: 
fluor
– фтор). Бұл ауру үшін эпидемиялы аймақтар бар, ол 
аймақтардың суында, әдетте фтор 2 мг|л-ден артық болады (қалыпты мөлшері 


Нуржігіт Алтынбеков 
626
0,7–1,2 мг|л). Флюорозбен сырқаттардың тісінде кіреуке дұрыс қалыптаспайды 
және ізбестенбей қалады. 
Флюороздың 4 даму дәрежесі бар: 
дәрежелі
флюороз кезінде тіс өте жеңіл 
зақымдалады. Тістің сыртқы және ішкі бетінде фосфор немесе бор тәрізді, бірлі-
жарым әрең көрінетін дақтар мен жолақтар пайда болады. Үдеріс тістің бүкіл 
бетінің 1/3-нен аспайды. 
II дәрежелі
флюороз жеңіл зақымды; фтор және бор 
тәрізді дақтар мен жолақтар тіс сауыты бетінің жартысына жуығын жайлайды. 
Кейде пигментті дақтар да ұшырасып, олар кіреукемен шектеліп, дентинге 
жайылмайды. 
III дәрежелі
флюороз тісті орташа мөлшерде зақымдайды: 
дақтар бірігіп, тістің бетінің жартысынан артығын қамтиды (350-сурет). Бұл 
дақтар қоңырқай сары немесе қоңыр түсті. Кіреукемен қоса, дентин де бүлінеді. 
IV дәрежелі
флюороз ауыр зақымды. Кіреукеде бірлі-жарым немесе көптеген
түссіз немесе қоңырқай жасыл, тіпті қара түсті пигментті, пішіні әртүрлі 
эрозиялар пайда болады. III, IV дәрежелі флюороз кезінде тіс дұрыс 
минералданбай, сынғыш келеді және тез қажалып, оңай зақымдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   790   791   792   793   794   795   796   797   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет