Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет798/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   794   795   796   797   798   799   800   801   ...   832
Байланысты:
струков патан

Дамыған жеріне
қарай, пульпит: тіс 
сауытының тотал және түбірлік пульпитке жіктеледі. 
Ағымы
тұрғысынан, ол 
жедел, созылмалы және созылмалы асқынбалы пульпитке бөлінеді. 
Жедел пульпит
даму барысында бірнеше кезеңнен өтеді. Алғашқы кезде 
ұлпаның кариестік қуысқа жақын жері ұйымалы қабынады (
ұйымалы
пульпит
). 
Ұлпаның микроциркуляциялық арнасының, әсіресе, веналық бөлімін қан 
кернеп, тіні су сіңіп ісініп, ұйымалы сұйықтық қалыптасып, оған шамалап 
бірядролы және көпядролы лейкоциттер араласады (351-сурет). Кейде 
эритроциттер диапедезі байқалып, қанды дақтар пайда болады. Жүйкелік 
талшықтарын дистрофия шарпиды. Пульпиттің бұл нысаны бірнеше сағатқа 
созылады. Кейін қан тамырларынан нейтрофилдер шығып, алдымен 
венулалардың маңына шоғырланады, пульпадағы жүйкелік талшықтарда 
дистрофия өршіп, миелині ыдырап, олар бөлшектенеді. Ақырында ошақты 
немесе диффузды іріңді пульпит орын алады.
351-сурет. Терең кариестен дамыған үйымалы жедел пульпит. 
Ошақты
 
іріңді
 
пульпиттің
барысында ұлпаның тіні жидіп, шектеле іріңдеп
іріңді қуысқа, – іріңдікке (абсцесс) айналады (352-сурет). 
Диффузды іріңді 
пульпит
кезінде ұлпаның тіс сауытындағы бөлімі мен түбірлік бөлімі де 
іріңдейді (флегмона). Ұлпа бозғылт тартып, бүкіл құрамы ауыр зақымдалады.
352-сурет. Терең кариестен дамыған ошақты іріңді пульпит. 
Пульпаның қуысы кариестік қуыспен ұштасып, оған ауыздағы анаэробтық 
бактериялар түссе, кейде 
гангреналы
пульпит
дамиды. Ұлпа бозғылт қара реңді, 
сасық иісті қойыртпаққа айналады. Микроскоппен зерттегенде, құрылымы 
толық бұзылып, кейде түйіршікті өлексе байқалады, оның құрамына май 
қышқылдарының кристалдары мен микробтар араласады. Үдеріс тістің 
түбіріндегі ұлпаға жайылса, апикстік (түбір ұшы) периодонтит өрбуі де мүмкін. 
Жедел пульпиттің жалпы мерзімі 3–5 тәулік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   794   795   796   797   798   799   800   801   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет