Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет80/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   832
Байланысты:
струков патан

Морфологиялық сипатына
негізделген ұстаным тұрғысынан жіктегенде 
адипозоциттердің саны мен көлемі ескеріліп, жалпы семіздік гипертрофиялық 
және гиперплазиялық варианттарға бөлінеді. Гипертрофиялық вариантында май 
жасушаларының көлемі ұлғайып, құрамындағы үшглицеридтер мөлшері 
әдеттегіден бірнеше есе көбейеді де, адипозоциттердің саны өзгермейді. 
Адипозоциттер инсулиннің әсеріне онша жауап бере қоймайды, липолиздік 
гормондардың әсеріне өте сезімтал; ағымы қатерлі. Гиперплазиялық 
вариантында адипозоциттердің саны көбейеді (май жасушаларының саны 
пубертаттық кезеңге дейін көбейіп, кейін өзгермейтіні белгілі), бірақ олардың 
функциясы қалыпты болып, метаболизмдік өзгерістер де байқалмайды; ағымы 
қатерсіз. 
Семіздіктің себептері
мен 
даму механизмдері
. Жалпы семіздіктің дамуына 
қажетті тепе-теңдікті ұстанбай, тамақты мөлшерден артық ішу мен 
гиподинамия, май алмасуын жүйке және эндокриндік жүйелердің дұрыс 
реттемеуі, тұқымқуалайтын (отбасылық пен дене тұрқына қатысты) факторлар 
себеп болады. Ал семіздіктің дамуына тікелей әсерлі механизм – жасушаларда 
липолизден липогенездің басым болуы (V тәсім). 


Нуржігіт Алтынбеков 
78
 
 V тәсім. Май клетчаткасындағы липогенез бен липолиз 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бұл тәсімнен липогенездің жанданып немесе бәсеңдеуі тек қана 
липопротеиндік липазаның белсенділігіне немесе липолиздік липаза әсерінің 
бәсеңдеуіне ғана емес, антилиполиздік гормондардың әсерінің жандана түсуі 
және майлардың бауыр мен ішекте алмасу сипатымен де байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет