Маңызы. Семіздік бірқатар аурулардың басты бейнесі бола тұра, ауыр
зардапты асқыну үдерістеріне себеп те бола алады.
Ақырының организм үшін қолайлы болуы неғайбыл.
Семіздікке кері сипатты (антипод) үдеріс – жүдеулік; оның негізгі бейнесі –
атрофия (сему, солу). Жүдеулік кахексияның (грекше:
kakos – жаман,
hexis –
ахуал) ақтық кезеңіне де тән.
Майлы клетчатка жергілікті сипатта көбейсе, оны липоматоз деп атайды.
Олардың ішінде маңыздысы – Деркум ауруы (
lipomatosis dolorosa ): қол мен
аяқтың, дененің шел майында, липомаға ұқсас, ауыратын май түйнектері пайда
болады. Оның дамуына полигландулалық эндокринпатия себеп болады. Майлы
тін жергілікті сипатта көбінесе семген тіндер мен мүшелердің орнын май басып,
вакаттық майлану ретінде (мысалы, семген бүйректің немесе айыршық бездің
орнын май басу) көбеюі мүмкін.
Липоматозға антиподсипаттағы үдеріс – аймақтық
липодистрофия : майлы
тіннің немесе майдың ыдырауына жауап ретінде қабыну үдерісі өрістеп,
липогранулемалар қалыптасады (мысалы, қайталамалы іріңсіз панникулитте,
яғни Вебер-Крисчен ауруында дамитын липогранулематоз).
Холестерин және оның эфирлері алмасуының бұзылуы Холестерин мен оның эфирлері алмасуының бұзылуы ауыр ағымды ауру –
атеросклерозға тән. Атеросклероздың даму барысында артериялардың
интимасына холестерин мен оның эфирлері ғана емес, β-липопротеидтер мен
Липолиз
Адипозоцит
Липогенез
Липолиздік
гормондар
(АКТГ,
соматотроптық,
адреналин,
глюкогон)
Гормон
сезімталды
үшглицерид-
липаза
Үшгли-
церидтер
Гормонсезімталды
диглицерид пен
моноглицеридлипаза
Антилиполиздік
гормондар (инсулин,
простагландиндер)
Глюкоз
а
Хиломикрондар
Май қышқылдары + глицерофосфат
Липопротеидтік
липаза
Тығыздығы төмен
липопротеиндер
(бауыр)