Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Нейтрал майлар алмасуының бұзылуы



Pdf көрінісі
бет79/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нейтрал майлар алмасуының бұзылуы 
Нейтрал майлардың алмасуы бұзылса, оның майлы тіндердегі қоры көбейеді. 
Бұл үдеріс жалпы немесе жергілікті болады. 
Нейтрал майлар 

организмді энергиялық қормен қамтамасыз ететін лабильді 
(тұрақсыз) майлар. Олар май қорларында (терінің шел майы, шажырқай, шарбы, 
эпикард, сүйек кемігін) шоғырланған. Майлы тін зат алмасуына ғана қатысып қоймай, 
тіректік және механикалық қызметті де атқарады, ол семген тіннің орнын да баса алады. 
Семіздік
, яғни 
толықтық
кезінде нейтрал майлардың мөлшері май 
қордаланатын жерлерде көбейеді; ол жалпы сипатта дамып, организмді толық 
қамтиды. Май терінің астындағы клетчаткаға, шажырқайға, шарбыға, көкірек 
қуысы мен эпикардқа тым көп жиналады. Майлы тін, әдетте болмайтын немесе 
ұйқы безі (36-сурет, а), миокардтың стромасы (36-сурет, б) сияқты өте аз 
болатын жерлерде де пайда болады. Семіздер жүрегінің майлануының 
клиникалық маңызы өте зор. Майлы тін көбейе келе, эпикардтың астын толық 
жайлап, жүректі қымтап алады. Ол миокардтың стромасын, әсіресе эпикардтың 
астын қамтығанда, бұлшықет жасушалары семеді. Май, әдетте жүректің оң жақ 


Нуржігіт Алтынбеков 
77
бөлігін басымырақ жайлайды. Кейде оң жақ қарыншаның барлық қабатын 
майлы тін түгел қамтып, жүрек жыртылып кетуі де мүмкін. 
36-сурет. Семіздік:
а — ұйқы безінің стромасын майлы тін жайлаған (қантты диабет); б — майлы жүрек; 
эпикардтың астына майдың қалың қабаты жиналған.
 
Классификациясы
. Семіздік оның даму себептері, науқастың сыртқы пішіні 
(семіздік типі), дене салмағының «идеал массадан» асқан дәрежесі, майлы 
тіннің морфологиялық өзгерістері тұрғысынан жіктеледі. 
Этиологиялық
ұстаным негізінде семіздік біріншілік және салдарлық 
нысандарға бөлінеді. Біріншілік семіздіктің себебі әлі белгісіз, сондықтан оны 
идиопатиялық деп те атайды. Салдарлық семіздіктің мынадай түрлері бар: 1) 
алиментарлық, оның себебі дұрыс қоректенбеу мен гиподинамия; 2) милық, 
оны мидың ісіктері мен бірқатар нейротропты инфекциялар дамытады; 3) 
эндокриндік топқа Фрелих пен Иценко-Кушинг, адипозагенитальдық 
дистрофия, гипогонадизм, гипотиреоз сияқты бірқатар синдромдар жатады; 4) 
тқұымқуалайтын семіздікке Лоренс–Мун-Бидль синдромы мен Гирке ауруы 
себеп болады. 
Сыртқы пішініне
қарай, семіздік симметриялы (универсал), жоғарғы, 
ортаңғы және төменгі типтерге жіктеледі. Симметриялы типте май дененің 
барлық бөлімдерінде біркелкі болады. Жоғарғы типінде май беттің, желкенің, 
мойынның, иық белдеуінің, емшек бездерінің клетчаткасына көбірек жиналады. 
Семіздіктің ортаңғы типінде май алжапқыш тәрізденіп, іштің клетчаткасына 
жиналса, төменгі типінде – бөксе мен сан аймақтарына және балтырға 
жиналады. 
Дене салмағының
көбею мөлшеріне карай, семіздік бірнеше дәрежеге 
бөлінеді: Семіздіктің I дәрежесінде дененің массасы, қалыпты массадан 20-29%-
ға, II дәрежесінде – 30-49%-ға, III дәрежесінде – 50-99%-ға, IV дәрежесінде – 
100%-дан астам болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет