Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет804/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   800   801   802   803   804   805   806   807   ...   832
Байланысты:
струков патан

ПАРОДОНТИТ 
Пародонтит
– периодонт пен тіс ұясының сүйегі қабынып, қызылиектік 
және пародонттық қалташалар қалыптасатын ауру. 


Нуржігіт Алтынбеков 
632
Үдерістің 
ауқымына
қарай, ол локальды және жалпы пародонтитке жіктеледі. 
Локальді пародонтит
жедел немесе созылмалы болып, адамның жас 
шағымен байланысты емес. 
Жалпы
 
пародонтит
созылмалы дамиды, көбіне 30-40 жастан асқандарда 
байқалғанмен, одан жастау адамдарда басталады. Пародонттық қалташаның 
тереңдігіне қарай, пародонтит 
жеңіл
(тереңдігі 3,5мм-ден аспайтын), 
орта
(5мм-ге дейін) және 
ауыр
(5мм-ден артық) 
дәрежелі
нысандарға бөлінеді. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Даму себебі мен механизмдері әртекті 
пародонт аурулары мен оған қатысты пародонтит те ондаған жылдар бойы 
зерттелуде. Олардың патогенезі жайлы бірқатар (қан тамырлары өзгерісі 
тұрғысынан пайымдайтын, неврогендік, аутоиммундық, т.б.) теориялар 
ұсынылғанымен, ешқайсысы бұл аурулардың даму барысын жан-жақты қамти 
алмады. Дұрысы, бұл аурудың этиологиясы мен патогенезін бірқатар жергілікті 
және жалпы факторлармен сабақтастыра пайымдаған. 
Жергілікті факторларға
мыналарды жатқызған жөн: тістердің дұрыс 
қалыптаспауы (шоғырлануы, дистопия) мен дұрыс түйіспеуі; ауыздың жұмсақ 
тіндерінің дұрыс қалыптаспауы (кіреберісінің тайыздығы, ерін үзбесінің қысқа 
болуы немесе дұрыс бекімеуі, т.б.). 
Жалпы факторларға
бірқатар жүйелік 
аурулар жатады: эндокриндік (қантты диабет, Иценко-Кушинг ауруы
жыныстық мүшелердің аурулары) және жүйке жүйесінің (олигофрения) 
аурулары; ревматизмдік аурулар; асқорыту (ойық жаралы ауру, созылмалы 
гепатит) және жүрек-тамыр жүйелерінің (атеросклероз, гипертония ауруы); 
заталмасулық үдерісіпен байланысты аурулар мен гиповитаминоздар. 
Жергілікті және жалпы факторлар сабақтасып, тістің тұнбасы мен тасында 
қауымдасқан микроорганизмдердің кеселді әсеріне жағдай туғызып

гингивит
пен 
пародонтиттің бастапқы кезеңінің
өрістеуіне себеп болады. Сонымен 
қатар, сілекей мен ауыз сұйықтығының сапасы (тұтқырлығы, бактерияға әсері) 
өзгеріп, тісте тұнба мен тас қалыптасу үшін қосымша жағдай туады. 
Пародонтиттің дамуына әртүрлі аурулардан (жалпы факторлардан) туындаған 
микроангиопатияның
да маңызы зор екені күмәнсіз, өйткені басқа тіндер 
сияқты пародонт та кейде гипоксияға ұшырап, тінінде трофика бұзылып, 
регенерация дұрыс жүрмейді. 
Пародонт ауыр зақымдалған кезде оның құрамындағы 
сүйек тіні
көбіне
қабынып бұзылады
, себебі бұл үдерістің барысында биологиялық әсерлі заттар, 
– әсіресе, полиморфядролы лейкоциттердің 
лизосомалық
ферменттері
мен 
иммундық жүйенің эффекторлық жасушаларының медиаторлары
көп түзіледі. 
Бір ескертетін жайт: пародонтит 
локальді
нысанда
болса, жергілікті 
факторлардың маңызы артып, 
жалпы нысанда
болса, жалпы факторлар мен 
жергілікті факторлар сабақтасып әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   800   801   802   803   804   805   806   807   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет