Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет802/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   798   799   800   801   802   803   804   805   ...   832
Байланысты:
струков патан

Асқыну
зардаптары
мен 
ақыры
. Периодонтит тым іріңдесе, үдеріс сүйектің 
қабығына (периостыға), одан альвеолалық өскіндегі сүйек кемігіне де 
жайылады. Сөйтіп, 
периостит
немесе тіс ұясында 
остеомиелит
өрістейді. 
Үдеріс кейде сол аймақтағы лимфалық түйіндерді де қамтиды. Үстіңгі 
жақсүйектің Гаймор қуысымен тұстас премолярлардағы іріңді периодонтит
кейде 
іріңді
гайморитпен
асқынады. 
Қызылиек пен пародонттың аурулары 
Бұл аурулар тобының даму барысын дұрыс ұғыну үшін пародонттың тісті 
қоршаған тіндер – қызылиек, альвеолалық сүйек, периодонт – жыйынтығы 
(
морфо-функциялық кешен
)
 
екенінін ескеру қажет. 
Стоматологтар ғылыми қоғамының XVI пленумы (1983) қабылдаған 
классификация бойынша, пародонт ауруларына: гингивит, пародонтит, тістің 
тұнбасы, 
пародонтоз, 
идиопатиялық 
өршімелі 
пародонтолиз 
және 
пародонтомалар жатады.



Нуржігіт Алтынбеков 
631
ГИНГИВИТ 
Гингивит
– қызылиектің шырышты қабықшасының қабынуы; тіс-
қызылиекаралық байлам зақымдалмайды. Оның 
локальді 
және
жалпы, жедел 
және
 созылмалы нысандары
болады. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Басты себебі – тістің тұнбасындағы 
микроорганизмдер (көбіне стрептококтар қауымдастығы). Локальді (бір немесе 
бірнеше тісті қамтыған) гингивитке қызылиектің механикалық, физикалық 
немесе химиялық жарақаттары себеп болады. Жалпы гингивит, әдетте 
инфекциялық және эндокриндік сырқаттармен ауру немесе организмде 
заталмасулық үдеріс бұзылған балалар мен жастарда байқалады. 
Патологиялық анатомиясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   798   799   800   801   802   803   804   805   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет