Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет818/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   814   815   816   817   818   819   820   821   ...   832
Байланысты:
струков патан

Одонтогендік карциномалар
тобына қатерлі амелоболастома мен біріншілік 
сүйекішілік карцинома жатады. 
Қатерлі амелобластома
жалпы құрылысы 
қатерсіз ісікке ұқсайды, бірақ оның құрамындағы одонтогендік эпителий өте 
атипиялы және полиморфты, сондықтан жылдам өсіп, сүйекті бұзады, сол 
аймақтың лимфалық түйіндеріне метастаз шашады. 
Біріншілік сүйекішілік 
карциноманың 
(жақсүйектік 
карциноманың)
морфологиялық 
бейнесі 
эпидермистік карцинома сияқты. Кейбір жорамал бойынша, бұл ісік 
периодонттық саңылауда қалып қойған одонтогендік эпителийден (Малассе 
ұялары) дамиды; оның туындау тегінің ауыз қуысындығы шырышты 
қабықшаның эпителийіне қатысы жоқ. Жақсүйегінің біріншілік карциномасы 
кейде одонтогендік кисталардағы эпителийден де туындайды. Бұл ісік тез әрі 
сүйекті бұзып, деструкциялы өседі. 
Гистогенезі одонтогендік мезенхимамен байланысты ісіктер
де әртүрлі. 
Бұл ісіктердің 
қатерсіз тобына
дентинома мен миксома және цементома 
жатады. 
Дентинома
– сирек ісік. Жақсүйегінің рентгенограммасынан сүйек 
тінінің әр жері сиреп, айқын шектелгені байқалады. Оның құрамына 
тізбектелген одонтогендік эпителий, шала жетілген дәнекер тін мен 
дисплазиялы дентиннің ұяшықтары кіреді (360-сурет). 
Одонтогендік миксома
ешқашан қабықпен шектелмейді, деструкциялы өрістейтіндіктен, алып 
тастағанда көбіне қайта өседі. Басқа мүшелерде дамитын миксомадан 
айырмашылығы – құрамындағы одонтогендік эпителий өскелең емес. 
Цементома
(цементомалар) – өзіндік айқын бейнесі жоқ ісіктер тобы. Әдетте, 
оның құрамында цемент тәрізді құрылым болады, оның минералдану шамасы 
әртүрлі (361-сурет). Цементоманың бір түрі – 
қатерсіз цементобластома
. Ол 
көбіне астыңғы кіші және үлкен азу тістердің түбірі тұсында дамиды. Кейде 
тістің түбірімен бірігіп те кетеді. 
Цементтейтін фиброма
фиброзды тіннен 
құрылып, оның арасында цемент тәрізді заттар жайғасады. Бұл заттар жұмыр 
бітімді немесе бөлшекті болып, базофилді боялады. 
Алып цементома
көптеп 
түзіліп, тұқым қуалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   814   815   816   817   818   819   820   821   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет