Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет821/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   817   818   819   820   821   822   823   824   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
643
қара

мен
Микулич ауруы; 
сілекей бездерінің 
стромасын лимфоциттер 
жайлайды. Бірақ Микулич ауруымен сырқаттарда Шегреннің құрғақ 
синдромындағыдай артрит жоқ. 
Асқыну зардаптары мен ақыры.
Жедел сиалоаденитпен сырқаттар толық 
айығып кетеді немесе ауру созылмалы нысанға айналады. Созылмалы 
сиалоадениттен ацинустары шорланып, семіп (
цирроз
), стромасын майлы тін 
жайлап (
липоматоз
), бездің қызметі нашарлайды. Әсіресе, сілекей бездері 
жүйесін түгел қамтитын аурулар (мысалы, Шегрен синдромы) қауіпті, өйткені 
ксеростомияға ұшыратуы мүмкін. 
СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ ТАСТЫ АУРУЫ 
Сілекей безінің тасты ауруы (сиалолитиаз)
сілекей безінің, әдетте 
өзекшелеріне конкремент (тас) байланатын ауру. Тас көбіне жақтың астындағы 
бездерге, кейде шықшыт безіне байланып, тілдің астындағы бездерде өте сирек 
байқалады. Көбіне орта жастағы адамдар ауырады. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Сілекей безіне тастың байлануына сілекей 
жолдарының дискинезиясы, ондағы бөгде заттар мен қабыну үдерісі және 
іркілген сілекейдің сілтіленіп (рН 7,1-7,4), тұтқырлығының артуы сияқты 
факторлар себеп болады. Олардың әсерінен сілекейдегі тұздар (кальций 
фосфаты, кальций карбонаты) органикалық матрицаға (сыдырылған эпителий, 
муцин) тұнып, кристалға айналады. 
Патологиялық анатомиясы
. Тастардың көлемі (құмдай немесе диаметрі 2 
см-дей), бітімі (сопақтау, ұзынша), түсі (бозғылт, сарғыш), тығыздығы (жұмсақ, 
қатты) әртүрлі келеді. Бездің өзегі бітелсе, қабыну үдерісі өрістеп, 
сиалодохит
және 
іріңді
сиалоаденит
дамиды. Ол созылмалы болып, арагідік асқынып 
отырады. 
Асқыну зардаптары
. Созылмалы сиалоадениттен сілекей безі шорланып
цирроз дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   817   818   819   820   821   822   823   824   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет