Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет94/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық жағдайда
цероидтың түзілуіне өлі тіндерде, әсіресе 
липидтердің тотығуын қан құйылу үдерісі үдеткенде (сондықтан оны бұрын 
гемофусцин деп атайтын; бұл түбегейлі қателік) немесе липидтер тым көп 
болып, олардың өздігінен (ауто) тотығуы қорытылуынан бұрын басталуы себеп 
болады. 
Липохромдар

құрамында А-витаминін түзуге жұмсалатын каротиноидтар бар 
липидтер. Липохромдар май клетчаткасын, бүйрекүсті безінің қыртыстық қабатын, қан 
сарысуын, аналық бездердің сары денесін сары түске бояйды. Оларды айқындау үшін 


Нуржігіт Алтынбеков 
89
құрамындағы каротиноидтарды анықтау керек (қышқылдармен түсін өзгерту 
реакциясы, ультракүлгін сәуледе жасыл флюорисценция). 
Липохром 
патологиялық жағдайда
тым көп түзілуі мүмкін.
Мысалы, қант диабетімен сырқаттарда майлар мен витаминдер алмасуы күрт 
бұзылып, бұл пигмент май клетчаткаларына ғана емес, тері мен сүйектерге де 
жиналады. Күрт және қатты жүдегенде май клетчаткасына шоғырланған 
липохром, оны қоңырлау сары түске бояйды. 
Н
УКЛЕОПРОТЕИДТЕР АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
 
Нуклеопротеидтер
белок пен нуклеин қышқылы – дезоксирибонуклеин (ДНҚ) мен 
рибонуклеин қышқылынан (РНҚ) түзіледі. ДНҚ Фельген тәсілімен, РНҚ Браше 
тәсілімен анықталады. Нуклеопротеидтердің эндогенді түзілуі мен организмге аспен 
түсуінің (пуриндік алмасу) арасындағы тепе-теңдік нуклеиндер алмасуының соңғы 
өнімдері, яғни несеп қышқылы мен оның тұздарын негізінен сыртқа шығаратын бүйрек 
қамтамасыз етеді. 
Нуклеопротеидтер
алмасуы
бұзылса
, несеп қышқылы немесе оның тұздары 
тым көбейіп, тіндерге шөгіп, подагра, несеп тасты ауру немесе несеп 
қышқылдық инфаркт дамуы мүмкін. 
Подаграның
(грекше: 
podos 
– аяқ; 
agra 
– тұсау) даму барысында несеп 
қышқылды натрий тұзы оқтын-оқтын шөккен кезде, буын ұстамалы аурады. 
Несеп қышқылды тұздар науқастың қанында (
гиперурикемия
) және зәрінде 
(
гиперурикурия
) көбейеді. Тұздар, әдетте қол мен аяқтың ұсақ буындарының 
синовийлік тініне, шеміршегіне, тізе мен сирақ топайының буындарына
сіңірлер мен буын қалталарына, құлақ қалқандарының шеміршегіне шөгеді. 
Тұздың кристалдары мен аморфты шөгінділері жиналған тінде некроз дамиды. 
Тұз шөгінділері мен өлі тіннің төңірегі гранулемалы қабынып, ол жерлерге 
алып жасушалар шоғырланады (41-сурет). Шөгінділер ұлғайып, оны шектеген 
дәнекер тін өсе келе, буындардың айналасында, құлақ қалқандарында, дененің 
басқа да жерлерінде подагралық түйнектер (
tophi
urici
) қалыптасып, 
буындардың сиқы бұзылады. Несеп қышқылы мен несеп қышқылды натрий 
тұздары подаграмен ауырғандардың бүйрегінің өзекшелеріне, жинағыш 
түтікшелеріне шөгіп, кейін қабыну және атрофия үдерістері өрістейді 
(
подагралық бүйрек
). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет