Нуржігіт Алтынбеков
90
Несеп қышқылдық инфаркт
екі тәуліктен артық өмір сүрген сәбилерде
байқалады; бүйрек өзекшелері мен түтікшелерінде несеп қышқылды натрий мен
аммоний тұздарынан аморфты заттар қалыптасады. Бүйректің кесіндісінде
милық қабатының үрпілері тұсында түйісетін
несеп қышқылды тұздардың
сарғылт қызыл реңді жолақтары болады. Несеп қышқылды инфарктінің дамуы
сәбидің организмінде алғашқы күндері зат алмасу қарқыны өзгеретіндіктен,
бүйректің жаңа жағдайға бейімделу әрекетімен байланысты.
М
ИНЕРАЛДАР АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
(
МИНЕРАЛДЫҚ ДИСТРОФИЯЛАР
)
Минералдар жасушалар мен тіндерді құратын элементтерді түзуге қатынасып,
ферменттердің, гормондардың, витаминдердің,
пигменттердің, белокты
кешендердің құрамына кіреді. Олар – биокатализаторлар, сондықтан
заталмасулық үдерістің біразына қатынасып қышқыл-негіздік
ортаны қажетті
деңгейде ұстауда маңызды рөл атқарып, организмнің қалыпты тіршілігін
қамтамасыз етуде де айтарлықтай орын алады.
Микроөртеу тәсілін гистоспектрографиямен сабақтастыра қолдану тіндердегі
кальцийді, темірді, магнийді, кремнийді және басқа
элементтерді дәл анықтауға
мүмкіндік береді. Радиоавтографиялық тәсілмен организмге изотопы енгізілген
элементтердің жиналатын жерін білуге болады. Сонымен қоса, белокты қоспадан босап,
тінге жиналған элементтердің біразын анықтау үшін дәстүрлі гистохимиялық тәсілдер
қолданылады.
Кальций, калий, мыс және темір алмасуы бұзылуының практикалық маңызы
зор.
Достарыңызбен бөлісу: