Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет42/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84
 
Нуржігіт Алтынбеков 
ғылым. Экожүйеде барлығы бір- бірімен ӛзара байланысты және тепе-теңдік 
жағдайда болуы керек. Әлемдегі микробтардың басым 
кӛпшілігі 
сапрофиттер, яғни ауру қоздырмайтындар, сонымен бірге зиянды ауру 
қоздырушылары патогенділері де болады. Барлық экожүйедегі эволюциялық 
процесс нәтижесінде микроорганизмдердің қасиеттері ӛзгеріп отырды , 
микробтар арасында, микробтар мен макроорганизм арасында ерекше ӛзара 
қатынас дамып, симбиоз пайда болады. Микробтық симбиоздың бірнеше 
түрлері болады-мутуализм,антагонизм т.б. 
Адам ағзасының микрофлорасы 
I.Iшек микрофлорасы. Нәресте дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 
сағаттарда ішек-қарын жолдары стерильді болады. 3-4күннің ішінде 
кездейсоқ микробтар түсе бастайды. 4-6 күннен кейін ішек жолының 
спецификалық микрофлорасы грам оң сүтқышқылды бактериялар мекендей 
бастайды. Бұл бактериялар E.coli мен шіріткіш микробтарға антагонистік 
әсер етеді. Ана сүтінен басқа қосымша қоректенуден , тісі шыққаннан кейін 
микробтардың неше түрлері қосылып ересек адамдардың қалыпты 
микрофлорасына теңделеді. 
Ішек жолының микрофлорасының көрсеткіші. 
Микроорганизмдер 
Қалыпты жағдайдағы 
мӛлшері 
1. Патогенді (энтеробактериялар 
тұқымдастығындағы)бактериялар 
жоқ 
2. Ішек таяқшасының бір грам нәжістегі жалпы 
саны 
300-400млн 
3. Ферменттік қасиеті шамалы ішек таяқшасы % 10ға дейін 
4. Гемолитикалық қасиеті бар ішек таяқшасы % жоқ 
5. Лактозанегативті және лактозанегативсіз 
энтеробактериялар% 
5ке дейін 
6. Коккты түрлері (шар тәрізділер%) 
25ке дейін 
7. Гемолитикалық стафилококк 
жоқ 
8. Бифидумбактериялар% 
10 және кӛп 
9. Протеи таяқшалары% 
Жоқ 
10. 
Кандида саңырауқұлақтары 
Жоқ 
 
II.
Ауыз қуысының микрофлорасы. 
Нәресте туылған кезде стерильді. 4-12 сағаттан кейін кӛкшіл 
стрептококк , сонан кейін стафилококктар, нейссериялар, лактобактериялар, 
бранхамеллалар, дифтероидтар, лептотрикс, кандидалар пайда бола 
бастайды. 
Тісі 
шыққаннан 
кейін 
спирохетталар, 
актиномицеттер, 
фузобактериялар, вейлонеллалар,т.б. кездесе бастайды. Тісі бұзылған 
қарттардың аузында қарапайымдыларды, ішек таяқшасын, псевдоманаларды 
табуға болады. 
III.
Жоғарғы тыныс жолдарының микрофлорасы. Кеңірдек пен трахеяда 


58 
альфа гемолитикалық, пневмококк, нейссериялар, гемофильді таяқшалар, 
бранхамелла, маракселла т.б болады. Бронхада микробтар (стрептококк, 
нейссериялар) аз болады, ол майда бронхатар мен альвеолаларда микроб 
болмауы керек. Мұрын қуысында стафилококктар, дифтероидтар т.б. болады. 
IV.
Тері микрофлорасы. Күтіміне, қай жерде екеніне, денсаулығына түрі 
және саны әртүрлі болады. Қалыпты жағдайда теріде мынадай микробтар 
кездеседі: St. epidermicis, str veridans, str fekalis, corinobakterium, kleibsiella, 
pseudomanos және т.б. Патологиялық жағдайларда: микоплазмалар, шешек 
және ұшық вирустары. 
V.
Қынап микрофлорасы. Нәресте дүниеге келген кезде стерильді 
болады. Сонан соң Додерлеин таяқшалары лактобактериялар пайда болады. 
Бірнеше аптадан кейін қынап ортасы бейтарапты болып аралас флоралы 
болады. 
Кәмелетке жеткеннен кейін орта қайтадан қышқылданып Додерлеин 
таяқшасының саны кӛбейе бастайды. Етеккірі тоқтаған әйелде қынап 
микрофлорасы қайтадан аралас болып әртүрлі микробтар кездесе бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет