Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет38/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   84
 
Нуржігіт Алтынбеков 
-
тек қана басы бар, құйрықшасы жоқ 
-
басы бар, және одан шығатын шамалы бұдырлары бар 
-
басы және қысқаша құйрықшасы бар 
-
басы және ұзынша жиырылмайтын құйрықшасы бар 
-
басы және ұзын жиырылатын құйрықшасы бар. 
Ең кӛп кездесетін фагтар 5-6 топқа жатады. Басының ішінде РНҚ-ы 
болатын фагтар кездеседі. 
Басқа вирустарға қарағанда фагтар физикалық және химиялық 
факторлардың әсеріне тӛзімділеу келеді. Олар 6000 атм.қысымға тӛзе алады, 
мұздатқанда, тӛменгі температуралық жағдайда, құрғатқанда тіршілік 
қабілеттілігін сақтай алады. Бірақ фагтар ультракүлгін сәуленің, 
радиацияның, химиялық дезинфекциялық ерітінділердің, қыздырудың (65- 
70°C)әсеріне сезімтал, тез ӛледі. 
Спецификалық әсері бойынша полифагтар ( туыстас бактерияларды 
лизистей алатын) мен монофагтарға (бактерияның бір түрін немесе бір 
серотипін лизистейтін) бӛледі. 
Фагтар мен бактерияның ӛзара әсер ету механизмі бойынша оларды 
вирулентті және әлсіз топтарға бӛледі. Бактериофагтық құбылыс 
бактериялардың лизистенуі негізінде вирулентті фагтардың әсерінен болады, 
бірнеше фазалардан тұрады. 
Бірінші фаза - рецепторының кӛмегімен фагтардың бактерияға жабысуы 
құйрықшасымен, ондайы жоқтар бактерия қабатының сыртында болатын 
кірпікшелер фимбрияларға жабысады. 
Екінші фаза - бактерияның ішіне ену. Құйрықша жабысып болғаннан 
кейін жиырылады да басындағы ДНҚ-ы бактерия ішіне енеді, ал фагтың 
сұлабасы сыртта қалып қояды. 
Үшінші фаза - транскрипциялану. Фагтың ДНҚмен жаңа генетикалық 
информация келеді де ―ертелі‖ және ―кешеуілді‖ ферменттер синтезделе 
бастайды. 
Тӛртінші фаза - бактерияның рибосомасында және полисомаларында 
белоктардың синтезделінуі. 
Бесінші фаза - фагтық нуклеин қышқылының репликациялануы 
Алтыншы фаза - дайын белоктар мен нуклеин қышқылдарынан вирус 
бӛлшектерінің құралуы, яғни фагтың құралуы. 
Жетінші фаза - фагтың шығуы. Ол ―кешеуілді‖ лизоцимнің кӛмегімен 
атқарылады, яғни оның әсерінен бактериялық жасуша лизистенеді - 
бұзылады, оны фагтық ӛнімді инфекция деп атайды. 
Бактериялардың сезімтал штаммдарына әлсіз фаг енгенде, бактерия 
ӛлмейді, лизогендік жағдайға кӛшеді. Лизогенді бактерияда фагтың ДНҚ-ы 
бактериялық ДНҚ-мен интеграцияланып, әлсіз фаг профагқа айналады. Осы 
қалпында бактерияның бір ұрпағынан екіншісіне беріліп отырады. Кейбір 
факторлардың әсерінен әлсіз фаг вирулентті түріне айналуы мүмкін. 
Бактерияларға әлсіз фаг жұққанда олар кейбір жаңа қасиетке ие болады. 
Осындай құбылысты лизогендік (фагтық) конверсия (ӛзгеріс) деп атайды. 
Лизогениялық құбылыс микробтардың барлық жүйелік топтарының 


52 
арасында кездеседі. 
Бактериофагтарды пайдалану. Фагтарды жұқпалы ауруларды емдеу 
үшін, диагноз қоюға және аурулардан сақтану мақсатында қолданады. 
Емдеу үшін стафило-, стрепто-, дизентериялық, іш сүзектік, 
салмонеллездік, коли - протейлік т.б. фагтар бар. Таблетка, ұнтақ немесе 
сұйық күйінде шығарылады. 
Профилактикалық мақсатта тиісті фагтарды ауру қаупі тӛнген кезде, 
немесе науқаспен жанасқан адамдарға береді. Емдеу профилактикалық 
фагтарды ауыз арқылы және жарақаттарды ӛңдеу әдістерімен қолданады, 
инъекциялық әдіс қолданбайды. 
Фагтардың тиісті микробтарға спецификалық әсерін жұқпалы ауруларға 
диагноз қою үшін және сыртқы орта объектілерінің тиісті микробтармен 
ластанғанын анықтау үшін жиі қолданады. Мысалы, судың, топырақтың, ас- 
тағамдарының ішек тұқымдас бактериялармен ластанғанын анықтау үшін 
фагтардың титрының реакциясын қояды. Егер де зерттелетін затта микроб 
бар болса спецификалық фаг оған еніп, ӛсіп - ӛніп, оның титрі кӛбейеді. 
Науқастан, немесе басқа объектілерден бӛлінген микроорганизмнің 
фаготиптерін анықтайды. Фаготипін анықтау әсіресе ішек инфекцияларында, 
стафилококкты инфекцияларда жиі атқарылады. 
Фаготипін анықтаудың эпидемиологиялық маңызы бар, яғни инфекция 
кӛзін, таралу жолдарын байқауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет