Су микрофлорасы
64
Су микрофлорасы топырақтың микробтық құрамы сияқты, себебі
микроорганизмдер топырақ бӛлшектерімен суға түседі. Суда ол жердің
физикалық- химиялық, жарық жағдайына, кӛміртегінің қос тотығы мен
оттегінің еру дәрежесіне, органикалық және минералды заттар болуына
бейімделген тиісті биоценоздар құрылады.
Ауыз су қоймасының суында әртүрлі бактериялар: таяқша тәрізді
(псевдомонадалар,аэромонадалар және т.б) кокк тәрізді (микрококктар) және
ирекше тәрізділер табылады. Судың органикалық заттармен ластануы
анаэробты және аэробты бактериялардың, саңырауқұлақтардың артуымен
бірге жүреді. Әсіресе анаэробтар суқоймалардың түбінде (тұнығында) кӛп
кездеседі. Су микрофлорасы организмдермен ӛңделетін,органикалық
қалдықтардан ӛзін ӛзі тазарту процесінде белсенді рӛл атқарады. Адам мен
жануарлардың қалыпты микрофлора ӛкілдері (ішек таяқшасы, цитробактер,
энтеробактер,
энтерококк,
клостридии)
және
ішек
жұқпасының
қоздырғыштары (іш сүзегі, парасүзек, жерше, тырысқақ, лептоспероз,
энтеровирустар және т.б) ластанған ағынды сулармен қар еріген кездегі және
жауын-шашын сулармен ӛзен, кӛлдерге түседі. Олай болса, су кӛптеген
жұқпалы аурулар қоздырғышының берілу факторы болып табылады.Кейбір
қоздырғыштар суда кӛбейе алады (тырысқақ вибрионы, легионеллалар).
Мұхит және теңіз суының микрофлорасының құрамында әртүрлі,
жарқырауық және галофильді (тұз жақсы кӛретін) микроорганизмдер болады.
Мысалы галофильді вибриондар молюскалар мен кейбір балық түрларін
зақымдайды, оларды тамаққа қолданғанда тағамдық токсиноинфекция
дамиды. Микроорганизмдер топырақтың жоғарғы қабатында болғандықтан,
артезиан скважинасының суында микроорганимздер болмайды.
Су түрлi микроорганизмдар табиғи тiршiлiк ортасы болып табылады.
Кӛптеген жағдайлардада табиғи суларды микрофлорасы оның
табиғатына байланысты. Негізгі түрлері:
1.
тұщы жер үстi сулар, оларға:
-
ағын ӛзендер, жылғаларды сулар,
-су - кӛлдер, тоғандар, cу қоймалары;
2.
жер асты-топырақ, топырақ, артезиан сулары (қабат аралық);
3.
атмосфералық - жауын, қар;
теңiз сулар.
Қасиеті бойынша бӛлінедi:
1.
ішуге арналған су. Сумен орталықты және жергілікті қамту, ашық
сутоғандардан (ӛзен, су қоймасы) немесе жер асты суларынан (ұңғымақ,
балды бұлақтар, құдықтар) жиналады;
2.
жүзуге арналған хауызды сулар;
Қалдық
суларды
бӛлек
ерекшелейдi:
шаруашылық–фекальді,
ӛнеркәсiптiк, нӛсер жаңбырдан, бірақ осы сулардың микрофлорасы табиғи
суларды ластайды.
Судың микрофлорасы мен гигиеналық қасиеті оның қолдануы мен
табиғатына байланысты әр түрлі болады. Жер асты суларды микрофлора аз
санды болады, артезиан ұңғымаларында судың 1 мл бірнеше бактериялар
|