Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет13/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   84
Зертханалық жұмысты орындау түрі 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
1.
Жұғын-препарат дайындау (сұйық және тығыз қоректік ортада) 
2.Жұғынды қарапайым бояу әдісімен бояу 
3.Жұғынды күрделі бояу әдісімен бояу 
4.Жұғын-препаратты микроскопиялау 
5. Хаттама толтыру 
Күрделі бояу әдістері 
әртүрлі химиялық құрамы бар бірнеше 
бояулармен бояу қатарын қолдану, яғни нәтижесінде бактериялық клетканың 
құрылымдарын ажыратуға болады. 
Грам әдісімен бояу 
Бояу кезеңдері. 
1)
Жұғын-препаратты генцианвиолетпен бояу (2 мин, фильтр қағазы 
арқылы); 
2)
Бояу сүзгі қағазын алып тастау, қалған бояуды тӛгу; 
3)
Жұғын-препаратты Люголь ертіндісімен бояу (1 мин); 
4)
Люголь ертіндісін тӛгіп тастау және 96% спирттің бірнеше тамшысын 
тамызу (30-40 сек, шыныны сәл қозғау); 
5)
Спиртті сумен жақсылап шайып тастау; 
6)
Сулы фуксинмен бояу (2 мин); 
7)
Сумен жақсылап шайып тастау, сүзгі қағазымен құрғату; 
8)
Жұғын-препаратты иммерсиялық жүйе кӛмегімен микроскоптан 
қарау. 
Барлық бактериялар Грам әдісімен боялуы бойынша бӛлінеді: грам оң 
сия кӛк-күлгін түсте және грам теріс – қызыл түсте. Осылай боялу қабілеті 
бактерияның химиялық құрамына байланысты. Грам оң бактериялардың 
жасуша қабырғасында ароматты және күкіртті аминқышқылдары жоқ, 
липидтер аз, ал грам теріс бактерияларда, керісінше, аталған заттар кӛп 


18 
мӛлшерде кездеседі. Сонымен қатар, грам оң бактерияларда рибонуклеин 
қышқылының магний тұздары бар, олар грам теріс бактерияларда жоқ. Осы 
заттар генцианвиолет, йодпен және ақуыздармен бірге тұрақты химиялық 
кешен құрайды, спиртпен түссіздендіргенде жойылмайды. Грам теріс 
бактерияларда бұндай кешен құралмағандықтан, спиртпен жылдам 
түссізденеді. Бірақ спиртпен ӛңдеу уақытын шектеу қажет, берілген уақыттан 
кӛп түссізденсе кешен бұзылуы мүмкін. Сондықтан келесі сулы фуксин бояу 
түсін қабылдайды. Ал егер берілген уақыттан аз спиртпен түссіздендірілген 
болса грам теріс бактерияларды ажырату қиынға соғады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет