Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет14/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84
Волютин қосындыларын бояу 
Волютин — бұл нуклеин қышқылының туындысы – қоректі зат ретінде 
маңызды роль атқарады. Қоректі зат ретінде майлар, гликоген және волютин 
ереше орын алады. Осы қосындыларды микроскопияда ажыратып алғашқы 
болжамды диагноз қоюға болады, мысалы, күл ауруында. Волютин дәндерін 
айқын Нейссер әдісімен бояғанда кӛруге болады. 
Волютин дәндерін Нейссер әдісі бойынша бояу: 
Бояу кезеңдері: 
1.
Жұғын-препаратты Нейссердің сіркесу қышқылды сия кӛгімен бояу (2- 
3 мин); 
2.
Сумен шайып тастау; 
3.
Люголь ертіндісімен бояу (30 сек); 
4.
Бояуды тӛгіп тастау және везувинмен бояу (1 мин); 
5.
Жұғын-препаратты жақсылап шайып сүзгі қағазымен кептіру. 
6.
Жұғын-препаратты иммерсиялық жүйемен микроскоптан қарап
талдау 
Жасуша цитоплазмасы қышқыл реакцияда болғандықтан сілтілі везувин 
бояуын қабылдайды және сары түске боялады. Волютин дәндері цинк 
ацетатын тығыз байланыстырғандықтан — қоныр-сия кӛк түсте, тіпті қара 
болады. 
Романовский-Гимзе бойынша бояу 
Күрделі бояу әдісіне жатады және мүшелерден алынған жұғын- 
препараттарды және қан препараттарын бояуға қолданады, сұйық 
фиксаторда бекіген соң, бактериялық жасушаның ядролық элементтерін және 
волютин дәндерін анықтау үшін қолдануға болады. Бояу үшін 1 мл суға бір 
тамшы алынады, рН - 7,2. 
Бояу кезеңдері: 
1.
Петри ыдысына жұғын-препаратты тӛмен қаратып салу керек және 
препарат шыныға жабыспау үшін астына зат қою керек; 
2.
Шетінен бастап бояуды құю керек, кӛпіршік шықпау керек (1-2мин); 
3.Сумен шайып тастау (рН 7,2) және сүзгі қағазымен кептіру. 
Жас жасушалардың протоплазмасы сия кӛк-күлгін түске боялады, 
ядролық элементтері -қызыл-күлгін түс алады. Енді аз уақыт қышқылмен 
ӛндегенде бояуды қабылдаған микробтық жасушалар түссізденбейді. Осылай 
қышқылға тұрақты бактерияларды тұрақсыз бактериялардан ажыратуға 
болады. Қышқылға тұрақты бактерияларды қосымша Циль-Нельсен әдісімен 


19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет