Нуржігіт Алтынбеков кк –жауабы. «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің



Pdf көрінісі
бет17/50
Дата14.12.2022
өлшемі0,83 Mb.
#57398
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
Байланысты:
КК Диф зачёт

Нуржігіт Алтынбеков 
 Бұл жолды сирек қолданады 
Ректалды (тік ішек арқылы) енгізу 
 Сұйық және қатты дәрілер енгізіледі; 
 Бұл жолды дәріні ауыз арқылы қабылдай алмаса қолданады 
 
15. Дәрілік заттарды сыртқы қолдану. 
Дәрілік заттарды сыртқа енгізу - бұл кілегей қабығына және теріге, құлаққа, көзге дәрілік 
заттарды қолдану.Аталған дәрілік заттар жергілікті әсерге арналған, өйткені зақымдалмаған 
тері арқылы тек майда еритін заттар сіңіріледі.Компресстер, сепкіштер, майлау, жарақат 
үстіне арналған таңғыштар, құлаққа, мұрынға, көзге тамызғылар құю, құлақ пен көзге май 
жағу - осылардың бәрі түрлі дәрілік заттарды сыртқа енгізу формалары болып табылады. 
Оған: майлар, эмульсиялар, ерітінділер, ұнтақтар, тұнбалар, сықпалар және т.б.
Дәрілерді сыртқа қолдану тәсілдері.
1. Дәріні теріге май, эмульсия, ерітінді, тұнба жэне т.б. формада жағады.Қолданылуы көбінесе 
жергілікті әсерге, айқын дәрежедегі рефлекторлы және аздаған дәрежедегі резорбты әсерге 
негізделген.Закымдалмаған терінің сіңіру қабілеті көп емес, тек майға еритін заттар, көбінесе 
шаш фолликулалары мен май бездерінің шығару жолдары арқылы сіңіріледі.Қолдану 
тәсілдері: жағу, компрестер, ұнтақ себулер, сүртулер, жарақатты тану.Дәріні жағу әрқашан 
таза теріге, таза құралсаймандармен және мұқият жуылған қолдармен жүргізіледі.
Ысқылау.Сұйық зат немесе майлар түріндегі дәрілік заттарды ысқылау әдісімен енгізу. Терінің 
жұқа жерлеріне және шаш түктері болмаған жерлерге ысқылау жасалады, яғни білектің 
бүгілген жағына, санның артқы жағына, көкірек қуысының алдына, іш аймағына т.б. Теріні 
ысқылайтын жер таза болуы керек. Тері құрғақ болғанша 30-40 минут майларды немесе 
сұйық заттарды қажетті мөлшерде теріге айналдыра жағу керек.Теріде қабыну өзгерістерінің 
болуы (экзема, дерматит) дәрілерді бұл жолмен енгізуге қарсы көрсетпе болып келеді.Кейбір 
жағдайларда ысқыламай теріге жақсы сіңу үшін оны жұқалап жағып, полиэтилен пленкасымен 
жабады. 
Май жағу. Дәрі жағу таза теріге таза аспаптармен және жуылған қолмен жүргізіледі. Жағатын 
майды негізінен тері ауруларына қолданылады.Зарарсыздандырылған қалақшамен жағатын 
майды екі бүктелген зарарсыздандырылған салфеткаға жағып, ауыратын жерге салады. 
Салфетканың үстіне шағын мақта төсеп, компресс қағазын қойып, бинтпен орайды.Кейде 
тереңде жатқан тіндерге сіңіру үшін майды теріге жағуға тура келеді, ол үшін терінің сол 
жерін сабындап жуып, алақанға қажетті мөлшерде май салып, ол сіңгенше сыланады.Майды 
белгілі бір дене бөлігіне 30-40 минут мұқият жағады. 
Жабысқақ таңғышты қолдану.Жабысқақ таңғыш (пластырь) су өтпейтін дәкемен жабылған 
қою, жабысқақ май.Май негізі дәрілік заттардан құралады.Пластырьды жабыстырар алдында 
теріні спиртпен сүртеді, шаш болса қырқып тастайды.Содан кейін қайшымен пластырьды 
қажетінше қиып, теріге жабыстырады.Алдын ала спиртпен бір шетін сулап, жайлап 
пластырьды шешеді.Таңғышты бекіту үшін пластырьды қолданады. 
Қызарғанда және терлегенде теріні құрғату үшін ұнтақ тәрізді заттарды немесе сепкіштерді 
қолданады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет