Нуржігіт Алтынбеков Энтаральды енгізу жолына сублингвалдық яғни тіл асты арқылы енгізу жатады. Дәріні тіл
асты арқылы қабылдағанда тіл асты шырышты қабаты арқылы тез ыдырап қанға араласады.
Ол бауырдан өтіп асқазанға ісер етпейді.Бұл жолды сирек қолданылады. Себебі тіл асты
маңының сіңімділігі көлемі аз сондықтан бұл жол арқылы аз мөлшерді өте белсенді дәрілерді
қабылдайды. Сонымен қатар тік ішек арқылы дәрілік заттарды енгізуге болады. Тік ішек
арқылы дәрілік заттарды енгізуді ректалды енгізу деп аталады. Ректалды жолмен ертінділерді,
қайнатпаларды және де ректалды суппозиторийларды енгізуге болады. Егер де науқас дәріні
ауыз арқылы енгізе алмаса, жүрек айнуы, ес-түссіз жағдайда, жұтына алмаған жағдайда
ректалды енгізу жолын қолданады.
18. Инъекция кезінде асептика ережелері.
Асептика дегеніміз ағзаға микроорганизмдердің түспеуін қамтамасыз ететін іс-шаралар
жатады. Асептика залалсыздандыру жолымен микробтарды және оның спораларын жою
арқылы жүзеге асады. Ал антисептика дегеніміз- жарадағы микробтарды жоюға бағытталған
профилактикалық іс шара.Антисептиканың екі түрі болады. Олар профилактикалық
антисептика және емдік антисептика. Емдік антисептиканың бірнеше тәсілдері болады. Оларға
механикалық антисептика, химиялық антисептика, физикалық антисептика, биологиялық және
аралас антисептика тәсілдері жатады. Механикалық антисептикаға жарадағы өлі ұлпаларды,
ұйыған қанды, жараны көп мөлшердегі сұйықтықпен тазалау жатады. Ал биологиялық
антисептикаға антибиотиктерді, вакциналарды қолдану жатады. Физикалық антисептикаға
жараны кварцтау, жараны дренаждау,турундаларды гипертониялық ерітіндіге малып,
жарадағы іріңді және басқа да сұйықтықты сыртқа шығару жатады. Сонымен қатар химиялық
антисептика бар. Химиялық антисептикаға микробқа қарсы түрлі дәрілік заттарды қолдану
жатады. Бұл дәрілік заттарды антисептиктер деп атайды. Және де аралас антисептика түрі бар.
Аралас антисептикаға антисептиктердің бірнеше түрін қолдану жатады.