Нуржігіт Алтынбеков кк –жауабы. «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің



Pdf көрінісі
бет18/50
Дата14.12.2022
өлшемі0,83 Mb.
#57398
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Нуржігіт Алтынбеков 
2.Көз ауруларын емдегенде әртурлі дәрілік заттардың ерітінділері және майлар 
колданылады.Қолдану мақсаты - жергілікті әсер, бірақ конъюктивтің сіңіру қабілетінің 
жақсылығын есте сақтаған жөн және осы мүмкіндікті ескере отырып мөлшерлеу керек.Көзге 
дәрі тамызу пипеткамен жасалынады.Бұл үшін төменгі қабакты тартып тұрып шырышты 
қабатка тамшыны тамызады.Көз майын арнайы шыны қалақшамен көздің сыртқы бұрышына 
конъюктивтің шырышты кабаты мен көз алмасы арасындағы сызықка жағылады. 
3. Мұрынга дәріні жергілікті, резорбты, рефлекторлы әсер ету мақсатында ұнтақ, бу 
(амилнитрат, мүсәтір спирті), ерітінді және май түрінде қолданады.Ұнтақтар мұрынға дем 
алған ауамен кіреді: он жақ мұрын қуысын жауып тұрып, ұнтақты сол жақ мұрын куысы 
арқылы ішке тартады және керісінше.Тамшыларды пипеткамен енгізеді, бұл кезде науқас 
басын артқа қарай шалқайтады. Майды шыны қалақшамен жағады. Жағуды дәрігер зондқа 
оралған мақта тампонымен жүргізеді, содан кейін мақта тампонын лақтырып тастайды, ал 
зонд дезерітіндіде залалсыздандырылады. Құлаққа да дәрі пипеткамен тамызылады. Дәрілік 
заттардың майлы ерітінділерін дене температурасына дейің жылытқан жөн.Оң жақ есту 
жолына тамызғанда науқас сол жақ қырына жатады немесе басын солға қарай қисайтады және 
керісінше. Дәріні енгізгеннен кейін сыртқы есту жолы мақта тампрнымен жабылады. 
16. Дәрілік заттарды енгізудің ингаляциялық әдісі 
Дәрілік затпен емдеу-емделу процесінің бірі болып табылады.Дәрілік заттарды енгізудің 
бірнеше жолдары бар. Солардың бірі ингаляциялық енгізу жолы. Ингаляциялық енгізу жолы 
дегеніміз дәрі-дәрмекті тыныс жолдары арқылы енгізу болып табылады. Яғни ағзаға газ 
тәрізді заттар арқылы, сонымен қатар аэрозольдар арқылы енгізуге болады. Ингаляциялық 
енгізу жолының кемшіліктері мен артықшылықтары болады. Оның негізгі кемшіліктеріне 
тыныс жолдарының шырышты бөлігінің қабынуы, бронхиалдық өту жолдарының нашар 
өткізгіштігінің әсерінен дәрілік заттың дұрыс жетпеуі жатады. Ал тиімділігіне тыныс 
жолындағы патологиялық процеске әсері және дәрілік зат бауырда сүзілмей жоғары 
сапасында қабынған жерге жетуі жатады. Ингаляторды қолдану тәртібі болады. Ең алғашында 
баллонның қақпағын шешу керек. Сосын аэрозолды баллонды төмен қаратып оны шайқату 
керек. Мүштікті ауызға енгізу керек. Терең тыныс алып баллонның төмен жағын басу керек. 
Бірнеше секунд тыныс алмай сосын ауыздан мүштікті шығарып баяу тыныс шығару керек. 
Кейін аэрощольды баллоның қақапағын жабу керек. 
17. Энтеральді дәрілік түрлерді қолдану 
Дәрілік затпен емдеу-емделу процесінің бірі болып табылады.Дәрілік заттарды енгізудің 
бірнеше жолдары бар. Солардың бірі энтеральды енгізу жолы. Энтеральды енгізу жолына 
ауыз арқылы, тіл асты және тік ішек арқылы енгізу жатады. Энтаральды енгізу жолы дегеніміз 
дәрі-дәрмекті асқазан ішек трактісі арқылы енгізу жатады. Ауыз арқылы дәрілік затты енгізуді 
пероралды енгізу деп аталады. Дәріні ауыз арқылы қабылдағанда ол ащы ішекте сіңіріледі 
сосын қан тамырлар арқылы бауырға түсіп қан айналымға қосылады. Ауыз арқылы енгізудің 
артықшылықтары мен кемшіліктері бар.Ауыз арқылы енгізу ыңғайлы және жай болып келеді. 
Сонымен қатар залалсыздандыруды қажет етпейді және оны енгізу үшін көмекшілерді талап 
етпейді. Сонымен қатар ауыз арқылы әр түрлі көлемдегі дәрілерді енгізуге болады. Мысалы 
таблетка, ұнтақтарды, қайнатпа, микстураларды және т.б. енгізуге болады. Және оның 
кемшіліктері бар.Оның кемшіліктеріне бауырға әсер етуі, дәрінің ағзаның жасына, оның 
сезімталдығына әсері жатады. Ас қорыту жолында дәрі баяу әрі толық сіңірілмейді. Сонымен 
қатар ауыз арқылы науқас ессіз жатқанда және жүрегі айну кезінде және де шұғыл 
жағдайларда дәріні қабылдай алмайды. Және ауыз арқылы қабылдағанда асқазан мен ішектің 
шырышты қабығына кері әсер етеді. Осының барлығы кемшіліктері болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет