Нуржігіт Алтынбеков №6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін
№7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін
№8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін
4. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін медбике науқасты оятып
отыруы керек.
5. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын зертханаға апарыңыз.
Ескерту: - дайындалған банкаға зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы
этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №»;
- порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос контейнер жіберіледі.
Зимницкий байқауы – бұл бүйректің қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін
анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік
ішінде аныктауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны
клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.
Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және
алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.
Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесі мөлшерінің
тербелу диапазонын анықтайды.
Қалыптағы бүйрек кызметіне тән: - Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады.
- Барлық 1 тәулікте ішкен сүйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді.
- Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы.
- Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы.
- Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербеледі.
25. Талдау үшін нәжісті алу ережелері. Нәтижелерді бағалау.
Ішекті дисбактериозға, копрограммаға материал (нәжіс), ішекқұрт жұмыртқаларына
және
қарапайымдарға
зерттеулер
антибактериалды
және
химиятерапиялық
препараттармен емделу алдында жиналады. Зерттеу үшін жаңадан шығарылған нәжісті
жинайды.Зерттеуге 3-4 күн қалғанда іш жүргізетін препараттарды, майсана және
вазелин майларын қабылдауын тоқтату, ректалды шамдардың енгізуін тоқтату қажет.
Клизмадан кейін, сондай ақ барийді қабылдағаннан кейін (рентгенді тексеруде)
алынған нәжіс зерттеуде қолданбайды.Анализді жинар алдында унитазға несеп
шығарыңыз, содан соң кәдімгі нәжіс шығару арқылы нәжісті таза ыдысқа жинаңыз,
нәжістің соңғы бөлшегін жинаған жөн (несеп араласып кетпеуін бақылаңыз). Ыдыс
алдын ала тазартылады, қайнаған сумен бірнеше рет жақсылап жуылады және ыстық
сумен шайылады.Нәжіс таза, бұралмалы қақпағы мен контейнердің 1/3 бөлігінен артық
аспайтын қасығы бар бір реттік контейнерге жиналады. Материал зертханаға анализді
жинаған сәттен 3 сағаттан кеш болмайтын уақытта жеткізіледі, биоматериалды
қабылдау кестесіне сәйкес (08:00-ден 10:00-ге дейін). Белгіленген уақыт аралығында
материалды суықта (температура +2 +8. Қатқызбау!) ұстаған жөн.Контейнерде сіздің
аты-жөніңізді, инициалдарды, тұған күніңізді, күнін және материалды жинау уақытын
жазу қажет, жазба түсінікті болуы керек. Жолдама бланкінде міндетті түрде диагноз,
аурудың басталған күні мен антибиотиктерді қабылдау туралы ақпарат жазылуы тиіс.
Материалды алу барысында стерильдікті сақтау қажет. Мүмкіндігінше материалды
зерттеуге жинау антибиотиктерді тағайындар алдында жасалуы тиіс (егер мүмкін
болмаған жағдайда препаратты тек 12 сағаттық тоқтатудан кейін).