Нуржігіт Алтынбеков бронхыларды ғана емес, субсегментарлы бронхыларды да тексеріп қарауға болады.
Бронхофиброскоптардың барлық үлгісінде бронхы ішіндегі сұйықты сорып алуға, әртүрлі
құралдарды, оның ішінде биопсия алатын аспаптарды өткізуге арналған түтіктер болады.
Бронхофиброскопты түрлі-түсті эндоскопиялық көріністі телекөрініс экранына беретін
қондырғыға қосуға және көріністі бейнепленкаға жазуға болады.
Науқасты басына жастықша қоятыны бар ыңғайлы орынтаққа отырғызып, жергілікті
жансыздандыру жасағаннан кейін бронхо-фиброскопия жасайды, тыныс жолдарын
жансыздандыру үшін лидокаин, тремекаин, дикаин, новокаин ертінділері қолданылады.
Бронхофиброскопты теменгі мұрын жолымен кеңірдекке енгізеді. Бронхофиброскопты ауыз
қуысы арқылы енгізуге болады, бұл — аса ыңғайсыз тәсіл; оны негізінде мұрын жолдарының
патологиясында қолданады. Наркоз жасап тексерген жағдайда бронхофиброскоп
интубациялық түтік немесе қатты бронхоскоптың тубусы арқылы енгізіледі (біріктірілген
бронхоскопия).
Ересек адамдар үшін негізінен бронхофиброскопия әдісін пайдаланған жен. Қатты
бронхоскопия жасаудың ерекше көрсеткіштері бар, олар — өкпеден қан кетуді анықтау және
оны тоқтату, бөтен заттардың болуын, кеуде қуысы лимфа түйіндерінің туберкулезіндегі
бронхолиттерді (бронхы тастарын) анықтау және оны алып тастау, бронхылардағы мол іріңді
сорып алу.
Бронхыларды тексеріп қарағанда, кілегей қабаттың жағдайына, бронхы ішіндегі сұйықтың
түріне, бронхы түтігі диаметрінің, иілгіштігіне, серпімділігіне (тонусына) бронхы
қабырғасының қозғалыс жасау қабілетіне баға беріледі. Қалыптан ауытқулардың баска да
түрлерін анықтайды. Эндоскопиялық көріністі суретке түсіреді. Тексеріс бактериологиялық,
патоморфологиялық тексерістерге керекті материалдарды алумен аяқталады. Өкпе
туберкулезімен ауыратын науқастарға бронхоскопия жасағанда бронхылар бұтағының
жағдайы ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар бактериологиялық тексерістер теріс
нәтиже бергенде, диагнозды растайтын (верификация) гистологиялық материалдар алынады,
онымен қоса лабораториялық тексерістер үшін жуынды (лаважды) сұйық та алынады диагноз
қоюда жуынды сүйығын тексерудің көмегі бар. Әртүрлі диффузды өкпе ауруларымен
ауыратын науқастарға цитологиялық тексеріс жасап, Т — В — лимфоциттердің және олардың
субпопуляцияларының
санын
білуге
болады.
Жуынды
(лаважды)
сұйықтықтың
протеолитикалық және қарсы протеолитикалық белсенділігінің нәтижелері өкпедегі процестің
белсеңділігін анықтауға мүмкіндік береді, ал липидтер және фосфолипидтер деңгейі өкпенің
сурфактанты жүйесінің жағдайын көрсетеді. Кейде лаваж сүйығында басқа тәсілдер
қолданғанда анықталмайтын ТМБ табылуы мүмкін.
Торакоскопия (плевраскопия). Торакоскопиялық тексеріс мәнісі — плевра қуысын
торакоскоппен қарау. Торакоскоптан басқа да оптикалық аппараттар, мәселен,
бронхофиброскоп, қолданылуы мүмкін.
Бұл эндоскопиялық тәсіл өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарға жасанды пневмоторакс
салғанда плевраны қарап тексеруде кеңінен қолданылған.
Торакоскопия жасанды пневмоторакста плевралды жабысуды күйдіріп ажырату және оны
түзету үшін қажетті компоненттің бірі болды. Қазіргі кезде аспаптардың жетілдірілуі және
шыны талшықты оптиканың пайда болуына орай торакоскопия жасау мүмкіндігі мейлінше