Нуржігіт Алтынбеков мүмкіндігінің болуы (1-сурет). Ашық биопсияның асқынулары пневмоторакс, гемоторакс, ал
жағдайы ауыр науқас адамдарда тыныс жетіспеушілігі болып табылады.
Сатылы
бұлшық
ет
биопсиясы
(прескаленді
биопсия).
Прескаленді
биопсия
(трансцервикалды) биопсия алдыңғы сатылы бұлшық еттің үстіңгі бетінде орналасқан
клетчаткалар мен лимфа түйіндерін хирургиялық тәсілмен кесіп алу болып табылады.
Операцияны жергілікті жансыздандыруды қолдану арқылы жасайды. Бұғананың үстіңгі жағын
және оған жарыстыра скальпелмен (4—6 см) кеседі, содан соң биоптат алады. Пальпация
жасау кезінде анықталатын лимфа түйіндерінен алынған прескаленді биопсия көп мәлімет
береді. Лимфа түйіндері пальпация жасағанда білінбеген жағдайда прескаленді биопсияның
беретін мәліметтерінің көлемі медиастиноскопияға қарағанда өте төмен болады.
Медиастиноскопиямен биопсия алу. Бұл тексеріс — эндоскоп көмегімен биопсия алатын
диагностикалық операцияға жатады. Операция наркозбен жасалады. Төс сүйегінің үстін
кішкене кеседі, кеңірдекті бойлай, оның айырығына дейінгі аралықта кеңірдекті тіндерден
ажыратады. Содан кейін медиастиноскоппен бақылай отырып, пункция жасалады,
клетчаткадан, кеңірдек маңайындағы кеңірдек айырығындағы лимфа түйіндерін қысқашпен
қысып, үзік (биоптат) алып шығады.
Медиастиноскопияның асқынулары — қан кету, пневмоторакс, қайталама нервтің
зақымдануы. Медиастиноскопияның кеңейтілген тәсілі ұсынылған: алдыңғы көкірек
қуысынан медиастиноскоппен және арнайы аспаптармен өкпе түбірі аймағына етеді,
медиастиналды плевраны әдейі теседі және плевра қуысына медиастиноскопты ендіреді.
Соның нәтижесінде тереңде орналасқан лимфа бездеріне, өкпеге, плевраға жету мүмкіндігі
туады.
Плевра пункциясы және плевраның биопсиялық пункциясы. Плевраға пункция жасаудың
алдында физикалды, көп бағыттағы рентгенологиялық тексеріс өткізу қажет, бұл сұйықтың,
газдың плевра қуысында бар немесе жоқ екендігін және олардың орналасқан жерін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдетте пункция науқастың отырған қалпында жасалынады. Қабырғааралық
кеңістікті кенейту үшін пункция жасалатын жақтағы иықты жоғары және алдыға қарай
көтереді. Өкпеде және плеврада тыртықты өзгерістері бар науқастарға пункцияны науқастың
басын төмен түсіріп, столға жатқызып жасаған қауіпсіз болады, өйткені веналар жарақаттанса,
ауалы эмболия пайда болуы мүмкін. Жергілікті жансыздандыру жасап, қолтық астының орта
тұсы мен жауырын сызықтары арасындағы жетінші немесе сегізінші қабырға аралығын теседі.
Бұл үшін жуаңдау ине қолданылады. Қабырғаның төменгі шеткі бойындағы қан
тамырларымен нервтер жүреді, сондықтан оларды зақымдануға ұшыратпау үшін инені
қабырғаның жоғарғы жағынан енгізеді. Инені шприцке түтік, пластмасса немесе резеңке
түтікше арқылы қосады. Сұйықты сорып, шприцті түтіктен шығарар алдында кранды жабады
немесе түтікке қысқаш салады. Бұл ауаның плевра қуысына өтпеуі үшін жасалады. Кеуде
қуысындағы көкірек ортасы мүшелері өз орнына тез ығыспауы үшін плеврада жиналған көп
сұйықты ақырындап сорып алады.
Плевра пункциясының асқынулары: плевра қуысының ішіне қан кетуі, бас ми тамырларының
ауалы эмболиясы, өкпенің, асқазанның тесілуі. Асқынулардың алдын алу үшін пункция
жасайтын жерді, инені жіберу бағытын мұқият анықтау, пункция жасау техникасын шебер
меңгеру керек.