Нуржігіт Алтынбеков кк –жауабы. «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің



Pdf көрінісі
бет44/50
Дата14.12.2022
өлшемі0,83 Mb.
#57398
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50
Байланысты:
КК Диф зачёт

Нуржігіт Алтынбеков 
Жалпы плетизмография жүргізу барометрлік принципке негізделген. Науқасты саңылаусыз, 
ауа кірмейтін үлкен, тұрақты көлемді бөлмеге (камераға) орналастырады, дем алған кезде 
кеуде көлемінің өзгеруі тіркеледі. Плетизмография бір қалыпты дем алу жағдайында өкпенің 
созылғыштығына, тыныс жолдарының ауа ағымына қарсылық көрсетуіне баға беріп және 
тыныс органының жұмысын есептеуге мүмкіңдік туғызады. 
Сыртқы тыныс қызметінің интегралды көрсеткіші қанның газды құрамы және қышқылды-
негіз жағдайы болып табылады. Оларды, әдетте Аструп микротәсілімен анықтайды. Тыныс 
алу жетіспеушілігіңде қанның газды құрамының қалыпты жағдайда болуы қамтамасыз 
етілмейді немесе ол сыртқы тыныс қызметінің күш салып бейімделуінің нәтижесінде қалпына 
келеді. Демек, қанның газды құрамын, сыртқы тыныс қызметінің тыныс жағдайында және 
мөлшерлеген жүктеме беру кезінде тексеру арқылы тыныс жетіспеушілігін анықтауға 
мүмкіндік туады. 
Тыныс жетіспеушілігін анықтағаннан кейін алынған мәліметтерге сүйене отырып, 
бұзылыстардың рестриктивті немесе обструктивті өзгерістер екендігін ажыратады. 
Бұзылыстардың рестриктивті түрі — өкпе тінінің функционалды көлемінің азаюы салдарынан 
өкпеде желдетудің және газ алмасудың шектелуіне, қабырғалар қозғалысының шектелуіне, 
тыныс бұлшық еттерінің әлсіздігіне, плеврадағы тыртықты өзгерістердің болуына 
байланысты, ал обструктивті түрі — тыныс жолының өткізгіштігінің бұзылуы болып 
табылады. Көптеген жағдайда бұзылыстың осы екі түрі бірге жүреді, солай болғандықтан 
тыныс жетіспеушілігінің қайсы бір түрінің басымдылығы бар екендігі айтылады. 
Өкпенің аймақты желдету және қан жүру қызметін бағалауда радионуклидті (радиоизотопты) 
тексеріс әдістерінің мәні өте зор. Бұл тәсілді жүргізу гамма сәулесін шығаратын 
радионуклидтермен белгіленген радиофармацевтикалық препараттарды, ксенон-ауалы 
қоспасын, альбуминнің макроагрегаттарын (131 I немесе 99т Тс), индия цитратын (133 м Іп), 
альбуминнің микросферасын (99ш Тс немесе 133т 1п) және т. б. көктамырға ендіру немесе 
ингаляция түрінде жіберуге негізделген. Жіберілген препараттардың таралуы компьютерлі 
сцинтилляциялы гамма-камера көмегімен тіркеледі. Статистикалық, динамикалық 
сцинтиграфияны алдыңғы, артқы және бүйір проекциясында жасауга болады. Барлық 
керсеткіштерді өкпенің жоғары, ортаңғы және теменгі бөлімдеріне сәйкестендіріп процент 
көлемімен анықтайды. Бірақ математикалық модель жасау өкпедегі желдету, қанайналым 
көрсеткіштерін тек абсолютті мөлшерде бағалауға ғана мүмкіндік береді. 
Өкпенің аймақтық қызметін радионуклидті әдіспен тексеру рентгенконтрасты тексерістен 
бұрын жасалады. Алынған деректер екпе желдетуі және қан жүруі қызметін ғана көрсетіп 
қоймайды, сонымен қатар процестің орналасқан жерін, таралғандығын және өкпедегі 
өзгерістердің ауырлығын да көрсетеді. Сцинтиграфия нәтижелерін рентгенологиялық 
тексерістердің қорытындыларымен салыстырады. 
Өкпе туберкулезінде жүрек-тамыр жүйесінің бұзылуы, негізінен туберкулез интоксикациясы 
мен қанайналымның кіші шеңберінде қан жүру өзгерістеріне байланысты болады. 
Фтизиатрия саласында артериялық және көктамырлар қысымын анықтаумен қатар, 
электрокардиографиялық тексеріс жүргізу жиі қолданылады. Бұл ретте синусты тахикардия, Т 
тісшесінің төмендеуі, қозу және өткізудің бұзылуы туберкулез интоксикациясына 
байланысты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет