Нуржігіт Алтынбеков кк –жауабы. «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің



Pdf көрінісі
бет45/50
Дата14.12.2022
өлшемі0,83 Mb.
#57398
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
КК Диф зачёт

Нуржігіт Алтынбеков 
Оң қарыншаның шамадан тыс қызмет істеуінен және онын гипертрофиясынан жүрек 
қызметінде өзгерістер пайда болады, олар науқасқа жүктеме жұмыс жасатқанда ЭКГ дагы II—
III тарамдарындағы Р тісшесінің үлкеюі, онымен бір мезгілде Т тісшесінің кішіреюі, 8—Т 
аралығының қысқаруы түрінде байқалады. Алайда ЭКГ барлық уақытта да өкпедегі 
гипертензияны, оң қарыншаның гипертрофиясын толық анықтай алмайтынын еске алған жөн. 
Оң қарыншаның жағдайын білуге ЭХО-кардиография көмек береді, ол оң қарыншаның 
қабырғасының гипертрофиясы жөнінде дәлірек деректер көрсетеді. 
35. Пациентті ас қорытуды зерттеудің эндоскопиялық әдісіне (ФГДС) дайындау және 
мақсаты. 
НАУҚАСТЫ ФИБРОГАСТРОДУОДЕНОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ  
 
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, өңеш, асқазан және 
он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған гастроскопты, сүлгіні, зерттеуге жолдаманы.
ФГДС-ті дәрігер жасайды,мейірбике көмекші қызметін атқарады.  
Іс-әрекет алгоритмі:  
1. Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның 
келісімін алыңыз.
2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.
3. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Тамақ, су ішуіне, дәрілік 
препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.
4. Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден
кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін науқас суды
тамақты ішпеуі керек.
5. Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.
6. Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын науқасқа 
ескертіңіз (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады).
7. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық 
кабинетіне ертіп апарыңыз.
8. Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарыңыз және одан жұту акті толық қайта 
қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраңыз. Темекі шегуге болмайды.
Ескерту:  
- т/а премедикация жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің
жағдайын өзгертеді;
- биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.
36. Пациентті ас қорытуды зерттеудің эндоскопиялық әдісіне (ректороманоскопия) дайындау 
және мақсаты. 
Мақсаты
: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік 
жэне сигма тэрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық жэне цитологиялық зерттеуге 
сілемейлі қабықтан жагынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу. 
Дайындаңыз: залалсыздандырылган: ректоскопты, салфеткаларды, вазелинді, шпательді, 
клеенканы, Эсмарх кружкасын, суды, шылапшынды, алжапқышты, қолгапты, ішінде 
зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет