Нуржігіт Алтынбеков 6.Таңертең гигиеналық емшара жүргізу іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз (сыртқы жыныс
мүшелерін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз).
7.Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр
шығаруды ұстап тұруы қажет.
8.100-200 мл зәрді контейнерге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.
9. Қақпақпен контейнерді жабыңыз
10.Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға апарыңыз.
11.Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: - әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;
- зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.
ДИАСТАЗАҒА ЗӘРДІ ЖИНАУ Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).
Қолдану көрсеткіштері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.
Әзірле:сыйымдылығы 100-200 мл, қақпағы бар, 1 рет қолданылатын, залалсыздандырылған
контейнерді, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімнің қолы).
Іс әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа алда болатын манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын
алыңыз. Зәрді жинауға ыдыс беріңіз.
2. Таңертең жаңа бөлінген зәрді 100-200 мл контейнерге жинаңыз.
3. Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде биохимиялық зертханаға апарыңыз.
Ескерту: қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының
көбейуі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді.
Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.
ҚАНТТЫ АНЫҚТАУҒА ЗӘРДІ ЖИНАУ Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.
Қолдану көрсеткіштері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.
Әзірле: сыйымдылығы 3лжәне 200 мл таза, құрғақ, мөлшерленген шыны банкілерді, шыны
таяқшаны, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу
мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, медбикенің
қолы), қолғапты.