Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет50/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91
Байланысты:
Гиста шпор сурактар(Банда-2курс)

Нуржігіт Алтынбеков 
•Химозин:еметін сәбилерде сүттегі еритін казеиногенді ерімейтін казеинге айналдырады яғни 
сүттің ұюына
•Лимпаза:ол асқазан сөлінде аздаған мөлшерде ғана болады,ересектерде белсенділігі төмен 
,балаларда сүттің майын ыдыратуға қатысады. 
•Шырыш:асқазаның шырышты қабықшасының бетін астарлай келе хлорсутек қышқылының 
әсерінен және астың ірі бөліктерімен зақымдалуын қорғайды. 
Асқазаның бірнеше функциялары бар
•эндокринді функциясы-мотилин,гастрин,гистамин серотонин сияқты биологиялық белсенді 
заттарды секрециялайды. 
•сіңіру функциясы-онда қанттардың,судың,спирттің,тұздардың сіңірілуі жүреді; 
•қозғалтқыш функциясы-тағамдық массаны жинақтау,олардың механикалық өңделуі және ары 
қарай ішектерге жылжуы жүреді; 
•секрециялық-түскен тағамнан В 12витаминін сіңіруге жағдай жасаушы антианемиялық Касл 
факторын бөледі; 
•экскреторлы- ол бүйрек жеткіліксіздігі кезінде арта түседі; 
•қорғаныс-тұз қышқылының есебінен жүреді. 
Морфофункциялық сипаттамасы,эмбрионалды дамуы мен шығу көздері-Асқазан жатыр ішілік
дамудың 4-аптасынан дамиды.Ал 2-ай бойы оның барлық негізгі бөлімдері дамиды.Бірқабатты 
призмалы эпителийі асқазаның ішек түтігінің эндотермасынан дамиды. Ұрық дамуының 6-
10аптасынан бастап асқазаның шұңқырлары дамып жетіледі.Осы асқазан шұңқырларының 
түбінде бездер бүйрекке ұқсап түзіледі.Ең бірінші болып париетальді жасушалар ,кейін негізгі 
жасушалар пайда болады.Ал 6-7аптасында мезенхимадан ең бірінші бұлшықет қабықшасының 
сақиналы қабаты қалыптасады ,кейін шырышты қабықшаның бұлшықетті пластинкасы 
дамиды.13-14аптасында бұлшықет қабықшасының сыртқы бойлық қабаты дамиды,кейін ішкі 
қиғаш қабаты дамиды,кейін ішкі қиғаш қабаты түзіледі. 
Асқазан қабырғасының құрылыс,оның тіндік құрамы,әртүрлі бөліктеріндегішырышты 
қабықшасының құрылыс ерекшеліктері:Асқазан қабырғасының құрылысы-шырышты 
қабықшадан,шырышты негізінен бұлшықет қабықшасынан
,сірлі қабықшасынан тұрады.Және асқазаның ішкі бетінің рельефіне үш түрлі түзілімдер тән 
:асқазан қатпарлары,асқазан алаңдары және асқазан шұңқырлары.Асқазан алаңдары-олар бір-
бірінен шырышты қабықша жүлгерлері арқылы бөлініп орналасады.Асқазан қатпарлары-олар 
асқазаның бетінде тұтас орналасады.Асқазаның шырышты қабықшасының өзі үш қабаттан 
тұрады-Эпителий-ол шырышты қабықшаның бетін және асқазан шұңқырларын жауып жатады. 
Меншікті пластинка-Мұнда асқазан бездері орналасады.Олардың арасында борпылдақ талшықты 
дәнекер тін өтеді. 
Бұлшықет пластинкасы -ол тегіс миоциттерлен құралған үш қабаттан тұрады:ішкі және сыртқы 
айналым немесе циркулярлы және ортаңғы болып олар бойлық бағытта орналасады. 
Асқазан бездерінің орналасуы, құрылысы, жасушалық құрамы-Асқазанның меншіктім бездері 
болады олар біршама көп.Олардың санына келсем адамның асқазанында 35млн болады.Ал 
ұзындығы бойынша бір бездің 0,65мм құрайды диаметрі 30мкм-50мкм арасында болады.Ал 
құрылысы бойынша бездерүш түрлі болады:қарапайым тармақталған түтікшелі бездер.Әр бездің 
құрылысын ажыратамыз :қылтасын, мойнын,негізгі бөлімін.Негізгі бөліміне денесі мен түбі 
жатады.Асқазаның меншікті бездері 5-негізгі жасушалардан тұрады. 
Бастапқы үшеуіне тоқталып өтсем: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет