Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет2/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
жатады . Рефлекстер деп нерв жүйесі қатысуымен атқарылатын , қайсыбір тітір кендіргішке 
организмнің реакциясын ( жауабын ) айтады . Нерв жүйесінің реф лекторлық әрекеттерінің 
морфологиялық субстраты ( яғни құрылымдық негізі ) болып рефлекторлық доға табылады. 
Рефлекторлық доға - нерв импульсін сезгіш нейронның рецепторынан жұмысшы ағзадағы 
эффекторлық ұшқа дейін жеткізуді қамтамасыз ететін , бір - бірімен синапстар арқылы 
байланысқан нейрондар тізбегі . Рефлекторлық доға бес бөлімнен тұрады 
Қарапайым рефлекторлық доға - рецепторлық және эффекторлық нейрондардан тұрады , яғни 
мұнда сезгіш нейрон қимылдатқыш нейронның денесімен тікелей түйіседі . Қарапайым үш 
мүшелек рефлек торлық доғада рецепторлык пен эффекторлық нейрондардың арасында тағы 
үшінші - ендірме немесе аралық нейрон ( интернейрон ) орна ласады . Мұндай рефлекторлық 
доғаларда нерв импульсі мнға дейін жетпей дi және рефлекторлық әрекеттер оның қатысуынсыз 
өтеді , себебі олар сте реотипті ( таптаурын ) және ойлануды немесе саналы шешімді талап етпейді 
. Мұндай рефлекторлық әрекеттер организмге сыртқы ортаның өзгерілуіне ( мысалы , қарашық 
рефлексі не жүргенде тепе - теңдікті сақтану ) немесе организмнің өзіндегі өзгерістерге ( мысалы , 
тыныс алу жиілігін , қан қысымын реттеу ) бейімделуге қажет автоматтық ( өзінен - өзі ) еріксіз 
реакцияларды орындауға мүмкіндік береді . Күрделі рефлекторлық доға сезгіш және эффекторлық 
нейрондардан баска , сенсорлық ақпаратты миға жеткізетін көптеген ендірме нейрондарды 
қамтиды . Нерв импульсі рефлекторлық доғада бір бағытта - рецептордан орта лыққа , орталықтан 
эффекторға беріледі. Рефлекторлық доға ның мұндай поляризациясы ( полюстенгені ) химиялық 
синапстардың құры лымдық ұйымдасуының және оларда қозуды өткізу механизмінің ерекшелік 
теріне байланысты. 
3. Жұлын. Жалпы морфофункциялық сипттамасы. Сұр және ақ заттарының құрылысы. Нейрондық 
құрамы, глиоциттер. Ядролар, олардың құрылысы мен функциялық сипаттамасы. Рефлекторлық 
доға туралы түсінік. 
Орталық нерв жүйенің құрамына бас миы және жұлын кіреді. Жұлын омыртқаның каналында 
орналасады, 2 симметриялық жартылардан құралған. Жұлынның алдынғы жағында алдынғы орта 
саңылауы болады, артқы жағында артқы орта сала арқылы қосылып тұрады. Жұлын сұр және ақ 
заттан тұрады. Сұр зат жұлынның ортасында, ал ақ зат − шетінде, сұр затты қоршап орналасады. 
Сұр затта нейрондардың денелері, миелинсіз, жіңішке миелинді нерв талшықтары ж/е нейроглия 
орналасады. Ақ зат ұзыннан орналасқан миелинді нерв талшықтарынан тұрады. Жұлын бірнеше 
сегменттерге бөлінеді.Әр сегментте жұпты алдыңғы (вентральді), артқы (дорсальді) бүйір 
(латеральді) мүйіздерді ажыратады. Ақ зат алдыңғы ж/е артқы мүйіздері арқылы артқы 
(дорсальді), бүйір (латеральді), алдынғы (вентральді) арқаншаларға бөлінеді. Арқаншалар нерв 
талшықтардың шоғырларынан тұрады. Ақ заттың миелинді нерв талшықтары нерв жүйенің әрі 
бөлімдерінің аралығында байланыстарды қамтамасыз етеді. Талшықтар жоғары көтерілетін ж/е 
төмен түсетін өткізу жолдарды қалыптастырады. 
Жұлынның нейроциттеріне түбірлі жасушалар,ішкі жасушалар мен шоғырлы жасушаларды 
ажыратамыз. Түбірлі жасушалардың Аксондары алдынғы заттың мүйіздердің бойымен жұлыннан 
шығып, шеткі ағзаларға өтеді.Ал ішкі жасушалары өсінділері сұр заттың ішінде синапспен 
аяқталады. Шоғырлы жасушалар болса, аксондары ақ затқа шығып, шоғырларды түзеді. Олар 
жұлынның басқа сегменттеріне және бас мидың сәйкес бөлімдеріне импульстарды өткізеді. 
Жұлынның сұр затында көлемі,кұрылысы ж/е функциясы бойынша ұқсас жасушалар 
шоғырланып, нерв ядроларын құрады.Жұлынның артқы мүйізінде екі ірі нерв ядролары 
орналасады. Көкірек ядро/Кларк Ядросының Аксондары жұлынның ақ затына шығып, мишыққа 
көтеріледі. Өзіндік ядроның аксондары жұлынның ақ затына шығып, мишық пен көру дөңесіне 
көтеріледі. Кларк ядроның нейрондары бұлшықеттердің, сіңірлердің және буындардың 
рецепторларынан ақпаратты қабылдап, импульстарды мишыққа өткізеді (жұлынмишық жолдары 
арқылы). Бүйір мүйіздерінде екі ядро орналасады: медиальді және латеральді аралық нерв 
ядролары. Бұл нерв ядролары симпатикалық рефлекторлы доғаның ассоциативті нейрондарынан 
тұрады. Аксондары алдынғы мүйіздердің бойымен жұлыннан шығып симпатикалық бағаналарды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет