Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет91/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
Нуржігіт Алтынбеков 
жасушаішілік регенерация - бұл жағдайда симпласттың жаңа миофиламенттері , мембраналық 
құрылымдары саркоплазма сының синтездік аппаратының ( ЭГТГ , Гольджи комплексі , бос 
рибосомдар ) активациясы есебінен түзіледі ; 2 ) жасушалық регенерация - миосателлито 
циттердің пролиферациясы мен миобласттарға дифференциялануы есебінен етеді . Жаңа 
миобласттар бұлшық ет талшығының миосимпласттық бөлігі құрамына қосылып , 
құрылымдарының табиғи шыгынын толықтырып тұрады . Көлденең жолақты бұлшық ет тінінің 
репаративтік регенерациясы да жасушаішілік және жасушалық деңгейлерде ат қарылады және 
бірнеше фазалардан тұрады : 1 ) Зақымданған жерде қабыну реакциясының дамуы - мұнда 
миграция лаган макрофагтар мен нейтрофилдердің өлген тіндердің қалдықтарын фа гоцитозбен 
қаркыңды жойып , регенерациялық аймақты тазартуы , 2 ) Реваскуляризация - піндердің бұзылуы 
кезінде пайда болған ынталан дырғыш заттардың әсерінен қан тамырларының қалпына келуі ; 3 ) 
Жасушаішілік регенерация - бұлшық ет талшығының зақымданбаған бөліктерінде , 
физиологиялық регенерация кезіндегідей , жаңа миофибрилдер мен саркоплазманың басқа 
құрамдастарының қалыптасуы . Нәтижесінде , бұл шық ет талшығының зақымданған ұштары бір - 
біріне қарай өскен шыны сау ыт ( колба ) тәрізді қалыңдауларға - бұлшық ет бүршіктеріне ұқсайды 
. 4 ) Зақымданған бұлшық ет талшықтары белген заттардың жерінен жа рақаттану аймагы 
жаныңда өміршең миосателлитоциттердің белсенді куйіне айналуы . Жасушалық репаративтік 
регенерациясының мұнан бы лайғы барысы қаңқа бұлшық ет тінінің эмбриондық миогенезінің 
сатыларына ұқсас : а ) ми областтық кезең - миосателлитоцит тер есебінен қарқынды бөлінетін 
миобласттардың пайда болуы ; ) миосим пласттық кезең - мнобласттардың бір - бірімен қосылып , 
миостимпласттар ды калыптастыруы ; в ) бұлшық ет түтікшелерінің - узарған 
миостимпласттардың кезеңі ; г ) кемелденген бұлшық ет талшықтар ының , яғни миофибрилдері 
ортанғы бөлігінде , ал ядролары - перифериясын да орналасқан кезеңі Қаңқа бұлшық ет тінінің 
репаративтік регенерациясына мына фактор лар оңды әсер етеді : а ) жарақаттану көлемінің 
аздыгы , зақымданған бұлшық ет талшықтарының шеттерін барынша жақындату , некрозға 
ұшыраған тінді толық кетіру ( әйтпесе зақымданған жерде дәнекертіңді тыртық дамиды ) ; б ) 
зақымданған аймақты микрохирургиялық әдістермен қанмен қамтамасыз ету және иннервациясын 
қалпына келтіру ( миосателлитоциттердің және мио бласттардың трофикасы мен 
дифференциялануын жақсартады ) , в ) бұлшық ет талшығының базальді мембранасының 
бүтіндігін қалпына келтіру ( дәнекер тіннің жайылып өсуіне кедергі жасайды , бұлшық ет 
түтікшелерінің өсуіне бағыт береді , регенерациялаушы бұлшық ет талшықтары үшін қолайлы 
микроорта жасайды ) . Соңғы жылдары канқа бұлшық ет тінінің зақымданған аймағына жасан ды 
жағдайда ( in vitro ) осірілген миосателлитоциттерді имплантациялауға ( сіністіруге ) негізделген 
тіндік терапия әдістері зерттелуде . ҚАҢҚА БҰЛШЫҚ ЕТІНІҢ АҒЗА РЕТІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫСЫ .
жетекші құрамдасы болып қаңқа бұлшық ет тіні табылады , әрбір жеке бұлшық ет көптеген 
бұлшық ет талшықтарынан тұрады . Ағза ретінде бұлшық ет құрамына қаңқа бұлшық ет тінінен 
басқа тағы дәнекер тіндері , қан мен лимфа тамырлары , первтер де кіреді . Бұлшық ет 
талшықтары біртұтас бұлшық ет ағзасына үш түрлі өзара байланысты дәнекер тінді қабықтар 
жүйесі - эндомизий , перимитиій , элимитий арқылы бірігеді . Бұлшық еттің ішіне осы 
дәнекертінді қабатшаларды бойлап , қоректенуін қамтамасыз ететін қан мен лимфа тамырлары 
және бұлшық ет талшықтарының бетінде эффекторлық , рецепторлық нерв ұштарымен аяқ 
талатын нервтер өтеді . Әрбір бұлшық ет талшығы борпылдақ талшықты дәнекер тіннің жұқа 
қабатшасы - эндомизиймен қоршалған . Оның ішімен бұлшық ет талшығы ның бетіне багыттым , 
капиллярларға тармақталған қан мен лимфа тамырлары жане нерв талшықтары өтеді . Бұл 
құрылымдар бірігіп бұлшық еттің қысқа рылуын реттейтін , қаңқа бұлшық етінің құрылымдық - 
функциялық бірлігі мионды құрайды . Дәнекер тіннің коллагенді және ретикулярлы талшықтары 
бұлшық ет талшығының базальді мембранасына қоса өрілген . Осының арқасыңда бұлшық ет 
талшықтарының салған жиырылу күштері жинақталып , каңкага беріледі . 10—100 бұлшық ет 
талшықтарынан тұратын топ борпылдақ талшықты дәнекер тіннің қалыңырақ перимизий 
қабатынасымен қоршалып , бұлшық ет талшықтарының құрылымдық деңгейі жоғарылау будасын 
құрайды . Бірша ма қалың және тыгыз дәнекертіңді этимизий кабыгы бұлшық ет талшықтар 
будаларының жиынтығын қоршап , бұлшық етке біріктіреді.Бұлшық ет салған жиырылу күштері 
сіңірлер арқылы қаңкага немесе апоневроздардың жіктердің сүйек кабықтарының және т.б. 


Нуржігіт Алтынбеков 
дәнекер тінді құрылымдарына тікелей беріледі . Бұл үшін әрбір бұлшық ет талшығының 
ұштарында ішіне қарай енсіз ойыстар тәрізді терең енген сарколемма мен базальді мембрананың 
арнайы құрылымы - интердигитациялары бар . Сон ғылардың ішіне бұлшық ет талшығының 
сарколеммасы мен базальді мем бранасына қоса өріліп , колагенді және ретикулярлы талшықтар 
кіреді . Нәтижесінде , бұлшық ет пен жиырылу күштері берілуі тиіс құрылымдардың арасында 
берік байланыс пайда болады . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет