Нуржігт Алтынбеков Аралық бақылау №1 Қазіргі эпидемиологияның анықтамасы және құрылымы


Дезинсекциялық заттардың қолданатын түрлері



Pdf көрінісі
бет43/54
Дата04.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#71492
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
Байланысты:
Íóðæ³ãò Àëòûíáåêîâ Àðàëû? áà?ûëàó ¹1 ?àç³ðã³ ýïèäåìèîëîãèÿíû? àí

Дезинсекциялық заттардың қолданатын түрлері  
Дезинсекциялық заттар – бұл бір немесе бірнеше химиялық заттанқұралған, қолайлы, 
қажетті түріне келтірілген заттар. 
Қолданатын заттың түрі, құрамы, дайындау әдісі заттың физикалық және химиялық 
қасиетін өзгертіп оның тиімділігіне әсер етеді. Дезинсекциялық заттың бір заты негізгі 
әсер етуші, басқалары қосымша әсер беруші болады, яғни негізгі заттың әсерін күшейтеді 
немесе қажетті, тиісті түрі береді. 
Инсектицидтің түрін таңдағанда жәндіктің биологиялық ерекшелігін, даму кезеңін және 
денесіне түсу жолын ескеру қажет. 
Инсектицидтер ерітінді, ұнтақ, дуст, суспензия, гранула, эмульсия, аэрозоль, сабын, 
паста, май түрінде шығарылады. 
Инсектицидтік ерітінділерді дайындау үшін суда ерімейтін ерітінділерді органикалық 
еріткіштерде ерітеді. 
 Ұнтақтар – төгілетін, қатты түріндегі майда заттар. Минералды және өсімдік ұнтақтары 
суда жақсы ериді.
Дуст – инсектицидтен және қосымша заттан құралған қосынды. Қосылатын зат негізгі 
заттың көлемін көбейту үшін, көп көлемдегі жерге себу үшін қажет. Дусттың құрамында 
инсектицид 10-20% болады, қалғаны қосымша заттар. Дусттар ұзақ уақыт сақтағанда 
бұзылмайтын, ылғалданбайтын, түйіршіктенбейтін, жақсы себілетін болуы керек. Дуст 
ұзақ уақыт сақталуы үшін су сіңірмейтін инсектицидтер немесе қосымша заттар 
қосылады.


Нуржігт Алтынбеков 
Суспензия – дуст немесе ұнтақты суда еріту арқылы дайындалады. Суспензия 
дайындауға арналған заттар ұзақ сақталатын, суда жақсы еритін болуы қажет. Суспензия 
дайындау кезінде инсектицидтің техникалық құжатына сәйкес өлшеп алады, шелекке 
салып ағаш қалақшамен біркелкі ерітінді пайда болғанға дейін араластырады, кейіннен 
қажетті мөлшерде су құйылады. 
Гранула –дустқа ұқсас, бірақ көлемі ірілеу 0,1-0,5 мм. Гранула топырақ, тағам мен 
астықтағы зиянды жәндіктерді жою үшін қолданылады, ұзақ уақыт бойы әсер етеді, 
үнемді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет