Нурмуратова алия муратовна


Жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет5/13
Дата31.12.2021
өлшемі241,35 Kb.
#23079
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ГЕНДЕРЛІК СИПАТТАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ АУДАРМА АСПЕКТІЛЕРІНДЕ ТАЛДАУ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Көркем сөз өнерінде халықтың тарихы, саяси өмірі, салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, рухани және материалдық қазынасы, сан саладағы мәдениеті жан-жақты көрініс тапқан. Әр ұлттың философиясы оның фразеологизмдерінде десек, қателесе қоймаспыз. Сондықтан біздің тақырыбымыз терең ойды аядай қалыпқа сыйғызған халық даналығын, шешендігі мен асқан шеберлігін танытатын да осы ұлттық сипатқа ие тұрақты орамдар жайында болмақ. Әрбір халықтың тарихи даму кезеңдеріндегі сан алуан өзгерістер тілдің лексикалық-грамматикалық жүйесіне ықпал етіп, өзіндік із қалдырып отырғаны сөзсіз, алайда жұмыс барысында фразеологизмдер тұлғалық және мағыналық біртұтастығын сақтап қалған бірден-бір тілдік бірліктер ретінде белгілі екендігіне куә болдық. Шет тілін үйренуші ол тілдің сөздік қорын игеріп,грамматика ережелерін меңгеріп,мәтіндерді дұрыс аудара алу қабілетіне жетіп қана қоймай,сол тілді тудырған халықтың мәдениетін өз халқының мәдениетінен кем білмеуге тырысу қажет. Мәдениет деген ұғымға халықтың өнер-білімі ғана емес,ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру стилі,ойлау ерекшелігі, ұлттық салт- дәстүрі,тұрмысы,өмірге деген көзқарасы да кіреді. Фразеологизмдер – осы ұғымдарды айқын көрсететіні анық. Ұлттық-мәдениеттік семантика ағылшын халқының фразеологизмдеріне де тән. Ағылшын фразеологизмдері мың жылдан астам тарихы бар халықтың өсіп-өнуінің нәтижесі.Оларды тек көркем сөз құралы демей,ағылшын қоғамынан хабардар ететін білім қайнары деп те қараған жөн. Ұзақ қолданыстан кейін ғана тұрақтылыққа ие болатын, мағыналық және құрылым-құрылысы жағынан ерекше, халықтық өшпес мұра саналатын фразеологизмдерді, оларды астарлап жатқан мәдени құбылыстарға талдау жасап, олардың қалыптасу көздерін табу теориялық және практикалық жағынан құнды болмақ.

Фразеологизмдердің жаңа ұғым, түсініктермен көбейіп, қалыптасуы сол ұлт тілінің даму ерекшеліктерінің және ұлт мәдениетінің танымдық қасиетін көрсетеді. Бірі түркі, бірі герман тілдері тобына жататын қазақ және ағылшын тілдерінің ұлттық мәдени ерекшеліктерін фразеологизмдер бойынан тауып, олардың бір-бірінен ұқсастық немесе бір-бірінен айырмашылық дәрежесін аныктауға, ұлттық нақыштарын тереңірек түсінуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет