О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет25/37
Дата20.07.2023
өлшемі4,58 Mb.
#104576
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
Байланысты:
Кешірдім

Жаңа өмір бастау
Нағыз жомарттық – рахмет 
айта білмегенді кешіру
IQUProject 
Қ
андай да бір нәрсеге көңіл бөлу сол нәрсенің 
құнын, маңыздылығын арттырады. Сол үшін 
көкейіңе жаман ой келген сайын, оны жақсы оймен 
алмастыр. Көңіліңді жақсы нәрсеге бұр. 
Көптеген жақсы ой арқылы жаман ойлардан арыл. 
Жамандықты жақсылыққа алмастыру арқылы жүзеге 
асатын жағымсыз әсерлерден арылу ұстанымына 
жүгін. Бұл ұстаным «Һуд» сүресінің 114-аятында: 
«Расында, жақсылықтар жамандықтарды жояды», 
– деп көрсетілген. Бойыңдағы жақсы қасиеттерің 
жаман сипаттарыңды басып, ізгілігіңді арттыруға 
көмектеседі. Егер тыныштыққа толы өмір сүргің келсе, 
байсалдылық танытуды үйрен. Байсалды жандармен 
жиі отыр. Өміріңен сабақ алуды, барға қуана білуді 
игере біл. Жақсылықтар күйгелектік, асығыстық сияқты 
бойыңдағы жаман сипаттардың жойылуына әсер 
етеді. Бәрінен бұрын өзіңді қабыл ал, яғни, Алла саған 


iqup
111
сыйлаған болмысыңды қабыл ал. Өйткені сен Алла 
берген болмысыңды, тұлғаңды қабыл алып, оған көңілің 
көншіген сайын, өміріңде оң өзгерістердің бірінен соң 
бірі көрініс таба бастағанына куә боласың. 
Ақиқатында, сен болып жатқан шынайы өміріңді 
қабыл алғың келмейді. Алайда оны қабыл алу - сенің 
міндетің. Тіпті қазіргі өміріңді жасап, онымен сүретін 
де өзің. Оны өзгертетін де өзің. Сенің сүріп жатқан 
қазіргі шағың оқиғалар мен өмірдегі жағдайларды, 
тіпті адамдарды да есте сақтаудан басқа еш нәрсе 
емес. Олардың көрінісін бейнелейтін де өзің. Өміріңде 
сол дүниелердің көрінісін өзгертіп, олардың сәнін 
келтіріп, әсірелей алуың - қуантарлық жайт. Өміріңде 
саған ұнамайтын кісі пайда болған кезде, ол туралы 
ой-санаңды, көзқарасыңды өзгертуге мүмкіндігің бар. 
Мәселен, оны әлсіз күйге түскенін немесе сырқаттанып 
қалғанын бір сәт елестетіп, оған деген жанашу сезіміңді 
оята аласың. Болмаса саған қатігез болып көрінген 
адамның бір сәт күлімсіреп, мейіріммен балаларын 
ойнатып жатқанын елестет. Бұл қорқыныш сезімінен 
арылуға көмектеседі. Осылайша онымен шынайы 
болмысыңа сай мәміле түзесің. «Ол да мен сияқты 
адам, қорқатын еш нәрсе жоқ» деген ой түйесің. 
Кешіруге, кеңшілік етуге деген шама-шарқымыз 
артып немесе кеміп отыруы мүмкін екенін түсінуіміз 
керек. Кешіру де - шеберлік. Мұның мысалы дамытып, 
бір қалыпта ұстап отыруды қажет ететін басқа да 
шеберліктер сияқты. Бұлшық еттеріңді өсіргенің сияқты 


Өткеннен сабақ ал
112
рухани күшіңе де көңіл бөлуді ұмытпа. Сонда ғана қате-
кемшіліктерді кешіп, оларды елемей, жақсылық істеп, 
ұстамдылық танытып, парасаттылыққа ие боласың. 
Кешірім мен кеңшілікке негізделген өмірді бастау 
жігер мен еңбекті қажет ететін пайым. Бұл пайымды 
жүзеге асыруың үшін, өміріңе арылуды қажет ететін 
жарамсыз, ескі-құсқы әдеттердің орнына жаңа 
әдеттерді енгізуің керек. 
Шынайы ниет пен қалау – өмірді дұрыс 
қалыптастырып, оған оң өзгеріс сыйлайтын басты негіз. 
Кері әсерлерден туған жан арпалысына, қиыншылыққа 
толы өмірден жаның қысылған кезде, әр нәрсенің 
межелі жерінде тоқтауға шынайы ниет білдіруден 
басқа жолың жоқ. 
Ішіңдегі қажетсіз жан арпалыс арман-мақсатыңды 
ұрлап, қуатыңды сарқығанын байқаған кезіңде, жаңа 
тұрмыс-тіршілікке көшіп, армандаған өмірді соған 
негіздей бастайсың.
Дұрыс 
өмірді 
бастау 
көрегенділік 
пен 
байсалдылықты қажет етеді. Көрегенділік алдағы 
мақсаттарыңды айқындау үшін керек. Байсалдылық 
сол мақсаттарды орындау үшін маңызды. 
Алдыңа жаңаша, биік мақсаттарды қоймастан, 
оларды жүзеге асыруға шынайы ниет білдірместен, 
жаңа тұрмыс-тіршілікті бастай алмайсың. Өткен шақтан 
келе жатқан ескі әдеттер, бұрынғы тұрмысың жаңаша 
тіршілік етуіңе көмектесе алмайды. Сондықтан уақыт 
оздырмай өзгеруің керек. 


iqup
113


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет