О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет22/37
Дата20.07.2023
өлшемі4,58 Mb.
#104576
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Байланысты:
Кешірдім

Сезім әсерлерін 
іште сақтамау
«Ақылды адам ақымақтықтарды тез кешіреді» 
IQUProject
А
дам күнде ризалық, ашулану, жақсы көру
жеккөру, қорқу сияқты түрлі сезімдерді, 
әсерлерді басынан кешіреді. Оның ішінде шығаруды 
қажет ететін көп сезім, әсер бар. Әсерлерді шығару 
тек жағымсыз сезімдермен байланысты емес. Тіпті 
жағымды әсерлермен де байланысты. Жағымды 
сезімдерді де шығара білуің керек. Әсерлерді ішке 
бүге беру қуатыңды тежеп, іштей қыса береді.
Кешіру іштегі жиналған жағымсыз әсерлерді 
шығарып тастауды қажет етеді. Артық әсерлер адам 
бойына жинала береді. Жалғыз кешірумен оны кетіре 
алмайсың. Келеңсіздіктерді ойыңан, сезіміңнен 
алыстатып, ішті босату керек. 
Сол үшін өзімізге, өзгелерге немесе өмірдегі 
жайттарға қатысты пайда болған жағымсыз сезімдерден 
құтылмасақ, бұл арқылы біз жағымсыз сезімдерге үйме-
жүйме қоқыс сияқты ішімізде жиналуына жол береміз. 


Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең
92
Қоршаған ортаңды тазартуға құлықты болғаныңдай, 
ішкі әлеміңді де қатігездіктің ластығынан, жағымсыз 
жайттарды ойға ала беруден тазарт. Ондай жағымсыз 
сезімдерді ішімізге жинай беретін болсақ, бізді 
сабамыздан шығаруға, біреудің айтқан бір сөзіне 
немесе білдірген көзқарасына немесе жүгі жеңіл өткінші 
оқиғаға бола уайымға түсіп, ашуға булығуымызға 
жол ашамыз. Сол үшін біз жағымсыз сезімдеріміздің 
қай жақтан соғарын, олардың тудыратын себептерін 
білуіміз керек.
Жағымсыз сезімдер сүрінгенде, іс-әрекеттеріміз 
нәтиже бермегенде немесе бұрыс әрекеттерге бой 
алдырып, өзімізді жазғырғанда оянады. Мұндай 
сезімдер адам бір орында тоқырап өспей, өз тұлғасына 
лайық баға бермей, не өзін есепке алмаған кезде, 
өзіміз бен өзгелер туралы бұрыс сенім қалыптасқанда 
пайда болады. Бәлкім жағымсыз сезімдер өзгелердің 
саған деген қарым-қатынасынан немесе белгілі бір 
оқиғалардың себебімен басталып, сезбесең де, саған 
біртіндеп әсер етуі мүмкін. Тіпті, ойларың мен өткен 
өміріңдегі жайттардың әсерінен де шығуы мүмкін.
Аталмыш жағымсыз сезімдер қалай пайда болса да, 
маңызды бір ақиқатты білгенің жөн. Яғни, өміріңнің 
жауапкершілігін өзің көтеруің керек. Өмірде қандай 
жағдай орын алса да, сен ынсаптылыққа бейімделіп, 
жетіле түсесің. Сол кезде жеке бас тіршілігіңмен қатар 
үлкен жауапкершіліктерді де көтере аласың. 
Біз айтқан маңызды ақиқат, яғни, өміріңнің 
жауапкершілігін өзің көтеру ақиқаты, нәпсі тарапынан 


iqup
93
өте үлкен қарсылыққа тап болады. Өйткені адам 
баласы табиғатынан сәтсіздігін біреуден немесе бір 
нәрседен көруге үйір. Өміріңнің жауапкершілігін өзің 
көтеруің - тізгінді өз қолыңа алып, басқарып, оны дұрыс 
жаққа бағыттауыңды білдіреді. Нағыз күш – өміріңді 
өзің басқарып, өзгенің я нәпсіңнің жетегінде кетпеуің. 
Нағыз әлсіздік – өзгенің, нәпсіңнің жетегінде кетіп, өз 
өміріңді басқара алмауың. 
Кешірімділік кешірімді болуға тырысу арқылы, ал 
білім білім алу арқылы келетінін үнемі есіңде ұста. 
Егер ниетің өзің мен өз жаныңның арасын түзеу және 
өзің мен өзгелердің арасын түзеу болса, Жаратушыдан 
жәрдем бұйырады. 
Расында, ішіміздегі жағымсыз сезімдер жиылған 
орынды босату үшін, біріншіден, олардан арылу қажет. 
Сонан соң ішіміздегі сол босаған орынды кешіріммен 
толтыруымыз керек. Аталмыш рухани жаңғырудың 
мысалы: лас суға толған ыдысты босатып, ішін жақсылап 
жуып, таза, тұщы суға толтырып, одан өзің де және 
өзгелер де пайда алатын су сияқты. 
Бұл тұрғыда Алла Тағаланың мына бір аятын 
оқығанымыз 
жөн: 
«Олар 
ашуларын 
жұтушылар, 
адамдарды 
кешетіндер. Алла жақсылық істеушілерді жақсы көреді» 
(3:134).
Бізге ызамызды, ашуымызды жұта салу қиынға 
соғып, мұндай ізгі іске жетер жолды білмеуіміз мүмкін. 


Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең
94
Алайда ішіңе бүгіп жүрген сезімдеріңнен арылуың - 
Алла қаласа, осы деңгейге жетудің жолы. 
Ішке жиналып қалған сезімдерден арылудың 
жолдары түрлі болады. Алайда біз маңыздыларына 
ғана тоқталайық:
• Өміріңдегі келеңсіз жағдайды немесе оқиғаны айт. 
Бұл тәсіл көкейдегі ойларды, іштегі сезімдерді шығарып, 
оларды бүге бермеу үшін қажет. Дей тұрғанмен бұл 
тұста мән беретін бір мәселе бар: Ішіңді кернеген ашу-
ызаңды біреуге айтар болсаң, ол адам адал жан болуы 
керек. Ол сенің ашуыңды тарқатып, ойыңды түсінбей 
ашуыңның үстіне ашу қосатын жан болмағаны дұрыс. 
Болмаса біреуге ойларыңды, сезімдеріңді айтудың 
орнына бүкіл ойыңды, көзқарасыңды, сезімдеріңді 
параққа түсіруіңе болады. Содан оны белгілі бір 
уақытқа дейін бір шетке қоя тұр. Басыңнан өткен 
барлық жағдай басылған соң, параққа жазғаныңның 
бәрін оқып, сыннан өткізіп, олардан арылудың жолын 
ізде. 
• Әр нәрсенің байыбына барып, терең ой жүгіртуге 
және терең дем алуды, яғни, сезімдеріңді орынды 
тежей білуге машықтан; 
• Денені шынықтыратын немесе бойыңдағы күшті 
физикалық түрде шығаратын жаттығуларды жаса;
• Жоғары зейінді, зияткерлікті қажет ететін түрлі 
жаттығуларды орында. Мұндай жаттығулардың 
арасында өзің ұнатқан, әуестенген жаттығулар болса 
тіптен жақсы;


iqup
95
• Жағымсыз сезімдерден арыл. Оларды мүлдем 
ұмыт. Өміріңдегі келеңсіз жайт немесе оқиға басқа 
адамдардың өмірінде де болады деп, өзіңді соны 
бақылаушының немесе куәгердің орнына қой;
• Өміріңде орын алған жайтты, оқиғаны шамаң 
келгенше, болмашы етіп көруге тырыс. Көңіліңе 
қатты алып, әсірелеме. 
Бұл жерде мән беруіміз қажет бір мәселе бар. Ол - 
жағымсыз сезімдерден, ойлардан арылудың жолдары 
бірнешеу. Оған демалу, ой жүгірту, сүйікті іспен 
айналысу сияқтылар жатады. Сондай-ақ келеңсіз 
жайт немесе оқиға орын алған кезде бір қадам артқа 
шегініп, яғни, тағдырға көніп, терең дем алу, көңіліңе 
жайлы қалыпта тұру, отыру, жату сияқты әрекеттер 
жатады. Мұндай жағдайда болған оқиғадан кейін 
келеңсіздіктерден арылудың жолдары бар. Мысал 
ретінде, дене шынықтыру жаттығуларын жасау, 
жағымсыз әсерлерді біреуге айту немесе оларды 
параққа түсіру сияқты тәсілдерді қолдануға болады. 
Бұл тұста ескертетін тағы бір мәселе бар: Басыңнан 
кешірген жайтты, оқиғаны айтқың келсе, ең абзалы, 
оны айтудағы мақсатыңды айқында. Жеткізгенде тиімді 
тәсілді таңда. Бір нәрсені басыңнан кешірген кезде, 
тұлғаңның жетіле түскенін, кемелденіп жатқанын 
есіңнен шығарма. 
Ең бірінші, ішіңе бүккен сезімдерді дұрыс тәсілмен 
шығар. Себебі іштей күйзеліске жол бермеуің керек. 
Әйтпесе, кешірімді болу саған қиынға соғады. 


Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең
96


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет