О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


(Ағаш) 15. Үлкен-үлкен түйенi Тастапты адам шөгерiп.  Өркешi бұлтқа тиедi, Бауыры жатыр көгерiп.  (Тау)



Pdf көрінісі
бет17/69
Дата08.09.2023
өлшемі4,9 Mb.
#106678
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
(Ағаш)
15. Үлкен-үлкен түйенi
Тастапты адам шөгерiп. 
Өркешi бұлтқа тиедi,
Бауыры жатыр көгерiп. 
(Тау)


39
4. ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН 
ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР
4.1. Оқытудың теориялық әдiстерi
«Әдіс» деген сөз гректiң «methodos» деген сөзiнен шыққан. 
Ал бұл сөз орысша аудармасында, зерттеу жолы, тәсiлi деген 
мағынаны бередi. Ғылымда және күнделiктi тұрмыста әдіс деген 
сөз зерттеу жолы, әдiсi, тәсiлi деген мағынада, тiптi, iс-әрекеттiң 
сипатын көрсету мағына сында да қолданылады. 
Бұл сөз әдістемелік әдебиетте де кең түрде және әрқилы 
қолданылады. Мысалы, кейбiр авторлар «әдіс» деген сөздiң 
мәнiн мұғалiмнiң оқушыларды қандай да болса бiр фактіні танып 
бiлуге үйрететiн логикалық жолы (догматикалық, иллюстра ция-
лық, эвристикалық, зерттеу әдістері) деп түсiнедi. Басқа автор-
лар «әдіс» деген сөздiң мәнiн материалдарды орналастыру әдiсi 
(аналитикалық, концентрлi, т.б.) деп ұғады. Ал үшiншi бiреу лер әдіс 
дегеннiң мағынасын материалды өтудiң формалары (зертханалық, 
экскурсиялық, еңбектiк, т.б.) деп түсiнедi. Өзiнiң жұмыс үдерісінде 
пайдаланатын мұғалiмнiң кейбiр жеке тәсiлдерiн немесе әдiстерiн 
де (графикалық әдіс, салғастыру әдісі, т.б.) «әдіс» деген сөзбен 
атау жиi кездеседi. Мұның бәрi тұтас алған да бiздi «әдіс» деген 
терминдi абайлап қолдануға мәжбүр етедi. Бiз оны әңгiме кейбiр 
жеке әдiстер мен тәсiлдер туралы болғанда емес, жұмыс жолы ту-
ралы болғанда ғана пайдаланатын боламыз. 
Мектепте географияны оқыту әдістерінің әртүрлiлiгi
Бiз мектепте география сабағына қатысып отырмыз делiк. 
Мұғалiм «Жаңбыр суы тасқындарының әрекетi» деген тақырыпты 
түсiндiруде. Мұғалiм жаңбыр суынан тасқынның қалай пайда 
болатынын, бұл тасқындар беткеймен қалай ағатынын және сол 


40
беткейде жыраның немесе сайдың қалайша пайда болатынын 
балаларға түсiнiктi, ұғымды тiлмен айтып отыр. Мұғалiм беткей 
неғұрлым қия болса, тасқын судың одан төмен қарай соғұрлым 
қатты ағатынын, ал тасқын күшеюiнен оның топырақты шайып 
кету әрекетiнiң артатындығын, т.б. атап айтуда. Сөзiнiң ақырында 
мұғалiм қысқаша қорытындылар жасайды. Ал балалар оларды өз-
дерiнiң дәптерлерiне жазып алады. Бұл қорытындылар мынадай:
1. Беткей неғұрлым қия болса, су соғұрлым жылдам ағады. 
2. Тасқын ағысы неғұрлым жылдам болса, беткейдiң шайы-
луы да соғұрлым күштi. 
3. Тасқын суы неғұрлым көп болса, топырақтың шайылуы да 
соғұрлым күштi болады. 
Ендi бiз басқа мектепте болып, дәл осы тақырып оқылып жат-
қан кезге тап боламыз. Бiрақ бұл мектепте тақырыпты мұға лiм 
сыныпта емес, тыста түсiндiрiп жатыр. Ол екi ағаш науа алып, 
олардың бiреуiн сәл қисайтып, екiншiсiн оған қарағанда әлде-
қайда көбiрек қисайтып қойды. Бұдан кейiн мұғалiм бiрдей екi 
қаңылтыр шәйнек алып, олардан жаңағы екi науаға су құяды. Ба-
лалар оны қоршай орналасып, өңкей науамен судың әлдеқайда 
тез аққанын көрiп тұр. Бұдан кейiн мұғалiм бiрiншi науаға iрi құм 
себедi және қайтадан су құяды. Балалар су баяу аққанда құмның 
мүлде дерлiк шайылмайтынын тағы да өз көздерiмен көредi. 
Мұғалiм науаның бiр шетiн еңкейте түседi. Бұл жағдайда ағынның 
шапшаңдығы артты және су құмды тезiрек шайды. Ендi мұғалiм 
науаға екi шәйнектiң екеуiнен бiрдей су құйды. Оқушылар судың 
көбеюiне байланысты құмның шайылуының кенет артқанын 
көрдi. Бұл тәжiрибелерден кейiн мұғалiм бiз жоғарыда атап өткен 
қорытындыларымызды – беткей неғұрлым қия болса, су соғұрлым 
жылдам ағады, т.с.с. қорытындыларды жасайды. Бiр тақырыпты 
түсiндiрудiң осы екi тәсiлiн салыстырайық. 
Бiрiншi жағдайда мұғалiм құбылыстар туралы баяндайды, қо-
рытындылар жасайды және осы қорытындыларды жазып алуды 
өтiнедi. Оқушылар мұғалiмнiң айтқанын түсiнiп және есте сақ тап 
қалуға тиiс. Бұл жерде бiз бiлiмдi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет