Екпеттеп кроль әдiсiмен старт алу және бұрылу тәсiлi. Кроль – жүзудің ең жылдам түрі, қол мен аяқты кезекпен жылдам қимылға келтіру әдісі. Кроль әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзгенде аяқ пен қолдың қимылы кезектесіп орындалады, ал брасс және баттерфляй әдістерімен жүзгенде қол мен аяқ қатар, бір уақытта бірдей қимылдайды. Баттерфляйдың (ағылшынша «көбелек») брасстан айырмашылығы сол, осы жүзу тәсілінде жүзуші екі қолын иығынан төмен қарай лақтыра, яғни иығынан екі қолын сермете жүзеді және екі аяғы бірігіп бірдей қозғалыс жасайды. Баттерфляй – жүзудың ең қиын түрі. Ал Брасс болса ең жеңіл түрі, яғни бұл түрі қол мен аяқты екі жаққа қарай сермеу арқылы жүзеге асады. Міне жүзудің осы 3 түрі бойынша әлемдік, Олимпиадалық бағдарламаларға негізделген жарыстар өткізіледі. Бағдарламалар мынадай қашықтықтарды қамтиды: 50, 10, 200, 400, 800, 1500метр; 100, 200м баттерфляймен; 200 немесе 400 м қашықтықты жүзуші құрама тізбекпен орындайды; 4Х100 м эстафеталық қашықтықта бірін-бірі ауыстыратын төрт жүзуші орындайды және тағы сол сияқты . Жарыстардың қызықтылығы сол – әр жүзуші-спортшының техникасы әр түрлі, қайсысы жылдам әрі ұтымды, сол жеңіске жетеді. Төртжылдықтың ең мықты сайысында медальды көптеп алатындар - судан бақытын тапқан спортшылар екені сөзсіз. Мысалға, 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында ерлер мен әйелдер арасында жүзу жарысынан 34 комплект медальдар сарапқа салынды. Медальдарды сарапқа салатын сол бұрынғы жүзуден Держава мемлекеттер – Америка Құрама Штаттары, Ресей, Аустралия. Олардың мынадай жүзушілерінің есімдерінің даңқы әлемге жер жарады: Майкл Фелпс(Олимпиаданың 15 дүркін чемпион), Ласла Чех, Евгений Коротышкин. Өкінішке орай, сол Олимпиадалардың ішінде бір қазақстандық жүзуші жоғары дәрежеге ие бола алмады. Сондықтан да, менің ойымша қазақ балаларының жүзуге деген талпынысы, құштарлығы жоғары болуы тиіс. Себебі қазақ елінің жүзушілерінің халықаралық ареналарда айтар сөзі, көрсетер өнері әлі көп. Ол үшін әрине таудай талап, қажымас қайрат керек. Жүзуді тез үйрену үшін сізге ең алдымен судағы бірқалыпты қимыл-қозғалыс және жүзу техникасы қажет. Жүзу техникасы жоғарылаған сайын, сіз жүзудің қимылдарын жақсы сезе бастайсыз. Жүзу үшін аяқ пен қолды жаттықтыру, шынықтыру қажет. Одан кейінгі негізгі мәселе – өкпені терең демге үйрету. Өкпе жүзудің ең басты құраушы элементтерінің бірі, себебі өкпе арқылы жүзуші өзінің қимыл-әрекеттерін, жылдамдығын арттырып, кемітіп отырады. Жүзудің осындай құраушы элементтері сізге дұрыс жүзудің негізін қалыптастырады деп ойлаймын.
Жалпы, жүзуді – дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі деп білеміз. Осыған орай, елімізде спорттың осы жүзу түріне аумақты қаражат бөлініп, спорт сарайларында жүзу бассейндері көптеп салынып жатыр. Келешекте де жүзу сабағы институттардың, орта білім беретін дене шынықтыру оқу орындарының және мектептердің оқу жоспарларына да енгізіліп оқытылайын деп жатыр. Елімізде спорттың бұл түріне мұндай ерекше қамқор қадамдар жасалуының бірден бір себебі – халықаралық жарыстарда жүзушілеріміздің медальдардан құр қалуы. Шыны керек, еліміздің спорттың осы түрінен үлкен жеңістерге жете алмауының тағы бір себебі – еліміздегі жүзу комплекстерінің қымбаттылығы. Қазірдің өзінде олардың бағасы 13000 теңгеден кем түспейді. Ал мұндай бағаны әркімнің қалтасы көтере бермейді. Оның үстіне елдегі бассейндердің тек үлкен қалаларда болуы үйреншікті жайт. «Ауылымызда бассейн жұмыс жасайды»,-деген жанды осы күнге дейін кездестірген емеспін. Одан кейін көбіміздің айтатын сөзіміз - ауыл балаларының бокс пен күреске ғана икемі бар дейтініміз. Әрине, ол солай болады, егер жүзуге жағдай болмаса, жүзуден әлемдік жұлдыздар былай тұрсын, жай ғана әуесқой жүзушілердің де өзі шықпайды. Егер ауылда аталған жүзу спортына жағдай жасалса, қуанар едік. Әзірге ол байқалар емес... Бірақ мен біраз жылдан кейін мұның барлығы ұмытылып кетеді деген үміттемін. Әлі еліміздің туы талай жүзудің спорт ареналарында биікке самғайды. Ал жаңағы айтқан келеңсіздіктер уақыт өте келе өз шешімін табады. Соған орай мен елімнің спортшыларының келешекте жүзуден жоғары дәрежеде өнер көрсететініне кәміл сенемін және ондай дәрежеге елімізді қазіргі жас жүзушілеріміз жетелейді. Жас жүзушілерге айтарым: «Қиыншылықтарға қарамай тек қана алға»
Жүзіп үйрену үшін ең маңыздысы: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік және ептілік. Жалпы дамыту жаттығулары дененің негізгі физикалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Ол омыртқаны, кеудені, аяқты жүзуге бейімдеу үшін қажет. Сондай-ақ, дұрыс дене бітімінің қалыптасуын қамсыздандырады және жеке бұлшық ет топтарының дамыту бойынша қосымша әсерін және функционалдық мүмкіндіктерінің дағдыларын арттырады. Әдетте жүзу – қозғалыстарды тиімді дамытудың ең қолайлысы болып табылады. Жалпы дамыту жаттығулары гимнастикалық жаттығулар түрінде орындалады. Мысалы, жаяу жүру, секіру, жүгіру денсаулыққа аса пайдалы қарапайым жаттығулар.
Жүзу алдында ең бастысы адам судан қорықпауы, еш жүрексінбеуі керек. Су адамды судың бетіне қалай да көтеріп тұрады. Ең бастысы ішке жұтқан ауаны бірден сыртқа шығарып қоймауы қажет. Жүзумен айналысқан жастың өкпесі ерекше жетіледі. Кәсіби жүзушілердің өкпесі қарапайым адамдарға қарағанда 10-20% мықты болады. Жоғары класс ер жүзгіштерде -5-6,5 л, әйелдерде -4-4,5л. Жүзгіштердің тыныс бұлшықет күші мен өкпенің сыйымдылығы да кәдімгі мөлщерден 8-15% көп.
Белсенді жүзудегі су иммерсиясы кезінде тыныс жолдарындағы ауа ағымының кедерғісі 50%-дан аса артады және тыныс бұлшық ет белсенділігінің жоғарлауын талап етеді. Кролль әдісімен жүзу кезінде тыныс алатын ауаның әр литріне оттегінің қосымша мөлшері 1,3-2,8 мл-ге жетеді.
Жүзу кезінде тыныс алу жүзу (есу) циклдерімен синхрондалады: тыныс алу фазасының ұзақтығы азаяды, ал тыныс шығару ұзарады және көбінесе су астында брасс әдісімен және шалқалап жүзуді қоспағанда, яғни ауа ортасына қарағанда көп кедергіге қарсы шамамен 50-100 сынап бағанасы жүргізіледі.
Жүзу жылдамдығы 100 метр жүзу кезінде (бассейн ортасында) максималды орташа таза арақашықтық жылдамдығы кролль әдісімен 1,9м/с, баттерфляйда – 1,8м/с, шалқалап жүзуде – 1,7м/с, брасс әдісімен – 1,5м/с болады. Сонымен, неғұрлым жоғары жылдамдылық кролль әдісімен жүзуде, ал, аз жылдамдық –брасс әдісімен жүзуге тән.
Салыстыра айтсақ, жүзу кезінде энергия шығыны шамамен балықтарға қарағанда 30 есе және сондай-ақ жылдамдықпен жүгіруге қарағанда 5-10 есе көп. Өте төмен жылдамдықпен жүзу кезінде адамдардағы энергиялық шығынның айтарлықтай айырмашылықтары олардағы бытыраушы күштің әртүрлі болуымен түсіндіріледі. Бірдей жылдамдықпен жүзу кезінде әйелдер ер адамдарға қарағанда энергияны аз жұмсайды. Бұл ең алдымен әйелдерде қалқымалылықтың жоғары болуымен байланысты.
100 метр арақашықтықта (50-60 с) шамамен, энергияның 80%-ы анаэробтық жолмен максималдығы жуық анаэробық қуаттылық қамтамасыз етіледі. Арақашықтық артқан сайын энергия өндірілудің аэробтық компоненті жоғарылайды: 400 метр арақашықтықта ол жалпы энергия өндірілуден 50%-дан асады. 800 және 1500 метр арақашықтықта оттектік жүйенің қуаттылығы мен сыйымдылығы өте маңызды рөл атқарады.
Суда жоғарғы жылдамдықпен алға жылжу кезінде тіке кедергіден асып түсу жүзгіш үшін дене жүктемесінің негізгі компонентін құрайды. Егер сүйреу жолымен адамның денесін суда тартса, онда тіке кедергі бұл пассивті алға жылжыту шамамен сүйреу жылдамдығынның шаршысына пропорциялы өседі. Бас, кеуде және қол-аяқ қозғалыстары арқылы салдарынан тіке кедергі кролль әдісімен жүзу кезінде 1,5 есеге, брасс әдісімен жүзуге 2 есеге көп болады.
Жүзу тиімділігі аса төмен. Тіпті жоғары білікті жүзгіштерде ол 4-7% құрайды ол өте төмен көрсеткіш. Жоғарғы тиімділік кролль әдісімен жүзу кезінде-6-7% максимум-15% ,ал, төмен тиімділік брасс әдісімен жүзу кезінде 4-6% байқалады.