О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Сөздік және сөз тіркестері



Pdf көрінісі
бет61/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   161
Байланысты:
О.ӘБУТӘЛІП

Сөздік және сөз тіркестері:
визит карточкасы
– визитная карточка
жұмыс орны
– место работы
орналасқан
– расположенный
орынбасар
– заместитель
бастық
– начальник
басшы
– руководитель
бастау
– начинать
іс
– дело
істеу
– делать
іскер
– деловой (человек)
іскер әріптес
– деловой партнер, коллега
іс-әрекет
– действие
іссапар
– командировка
тарих
– история
түрлері
– виды
әдебі
– этикеты
классикалық
– классический
ерекше
– особенный
жеке
– личный
іскерлік
– деловитость


92
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Азаматтық
қарым-қатынастарды
реттейтін құжаттар


93
Орынғазы Әбутәліп
Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар дегеніміз – жеке 
тұлға мен жеке тұлғаның, заңды тұлға мен заңды тұлғаның немесе жеке 
тұлға мен заңды тұлғаның араларындағы ресми қатынасты реттейтін 
ісқағаздар түрі. 
13-cабақ 
ҚОЛХАТ

Анықтамасы:
Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) 
алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып 
беретіндігін міндеттеп, көрсететін ресми құжат түрі. 
Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында 
рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі 
қолданылады. 
Қолхат – белгілі бір іс-әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден 
немесе жеке адамнан ақша не құндылығы төмен заттар алғандығын, не 
бергендігін растайтын жазба құжат. 
Қолхат бір дана болып жасалады. Қолхат алушыда сақталады.
Кейде қолхатта қатысушы куәлер көрсетіледі. Ондай жағдайда куәлер 
қолхатқа өз қолдарын қойып растайды.
Ақшаны немесе затты қайтарған жағдайда қолхат жойылады.
õ
Ерекшелігі:
1) Қолхат құқықтық дәрежесі төмен құжат екендігі. 
2) Қолхат нотариалдық кеңседе көп жағдайда куәландырылмайтын- 
дығы. 
3) Мөр басылмайтындығы.
6
Құрылымы:
• 
құжаттың атауы;
• 
қолхат беруші туралы мәлімет (аты-жөні, мекенжайы немесе 
жұмыс орны); 
• 
қолхат алушының аты-жөні;
• 
алынған заттың атауы (егер ақша болса – сомасы санмен де, жазба-
ша да көрсетіледі, зат болса оның құны көрсетіледі);
• 
қайтарылатын нақты уақыты;
• 
қолхат берушінің жеке куәлік нөмірі;
• 
қолхат жазылған күні, айы, жылы;
• 
қолхат берушінің қолы;
• 
куәлердің қолы (кейбір жағдайда).


94
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет