О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


СЕНІМХАТ  Анықтамасы: Сенімхат – бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға



Pdf көрінісі
бет64/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   161
СЕНІМХАТ

Анықтамасы:
Сенімхат – бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға 
тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар 
екендігіне сеніп берілетін ісқағазының бір түрі.
Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, ме-
кеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам та-
рапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі 
жазылып, қолы қойылады. Төменгі жағына нотариус сенімхат иесінің 
қолын растап, мөр басады.
Сенімхат, негізінен, мынандай жағдайларда беріледі: 
Жалақы алуға, жәрдемақы алуға, зейнетақы алуға, шәкіртақы алуға, 
банктегі есептерді пайдалануға, пәтер сатуға және сатып алуға, пәтерді 
жеке адамдарға жалға беруге, көлік иемденуге, заттай корреспонденция-
ларды алуға, құжаттар алуға, мұрагерлік құқық туралы куәлік алуға, қол 
қоюға т.б.
Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық 
кеңседе сенім білдіруші мен сенім білдірілген тұлғалардың жеке 
куәліктері арқылы жеке бастары анықталады, құқықтық іс-әрекетке 
қабілеттілігі тексеріледі. Нотариус сенімхат мәтінін дауыстап оқып, 
тізбеге тіркейді, тиісті мемлекеттік салық алынады және нотариустың 
қолы қойылып, мөрі басылады.
• 
14 жасқа толмаған балалардың атынан сенімхатты олардың ата-
аналары толтырады. 
• 
14 жас пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер сенімхатты ата-
аналарының келісімімен толтыра алады. 
• 
Жасөспірімдер өздерінің шәкіртақысына немесе жалақысына бай-
ланысты сенімхатты ешкімнің келісімінсіз толтыра алады.
Сенімхат мерзімі, әдетте, сенімхатта белгіленеді. 
Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы – 3 ай. 
Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы – 3 
жыл.
Егер мүлікті пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі 
көрсетілмесе, онда ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі 
мерзімде өз күшінде болады. 
Сенімхаттың жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек. 
● Сенімхат 1 дана болып дайындалады. 
Сенімхаттың құқықтық дәрежесі жоғары. Себебі міндетті түрде 
нотариалдық кеңсенің жазбасы арқылы расталады. 


98
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
õ
Сенімхаттың ерекшелігі:
1) Жарамдылық мерзімі көрсетіледі.
2) 3 түрге бөлінеді.
Сенімхатты мынандай түрлерге бөлуге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет