О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


-үлгі.  Пәтерді сату туралы СЕНІМХАТ



Pdf көрінісі
бет66/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   161
Байланысты:
О.ӘБУТӘЛІП

1-үлгі. 
Пәтерді сату туралы
СЕНІМХАТ
1997 жылғы 7 қаңтар, Алматы қаласы
Мен, Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 19 үй тұрғыны, Қазақстан 
Республикасының Ішкі істер министрлігі 1993 жылы 25 қазанда берген, 
№0136197836 жеке куәліктің иегері Өскенұлы Жандос,
Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 21 үй, 28 пәтерде тұратын 
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 1995 жылы 19 ақпанда 
берген, №0136197836 жеке куәлік иегері азамат Рақымбайұлы Өтегенге
Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 19 үй мекенжайдағы үйімді сатуға 
сенім білдіремін.
Бұл үшін азамат Рақымбайұлы Өтегенге менің атымнан:
– өтініш жазуға; 
– қажетті құжаттар мен анықтамаларды алуға; 
– сатуға қажетті құжаттарды толтыруға
– оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге; 
– мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге; 
– осы аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық іс-
әрекеттерге менің орныма қол қою құқығын беремін.
Сенімхат 6 ай өз күшінде.
1997 жылғы 7 қаңтар (қолы) _________________
Осы сенімхатты мен, 1991 жылы 3 ақпанда ҚР Әділет министрлігі 
берген №0004577 лицензия негізінде әрекет жасаушы Алматы қаласының 
«Іскер» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Әміреев Нұрлан Әденұлы
1997 жылғы 7 қаңтарда куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде 
азамат Өскенұлы Жандос қол қойды. 
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке 
қабілеттілігі тексерілді. Сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды. 
№97/41 тізбеге тіркелді. 650 (алты жүз елу) теңге мемлекеттік салық 
алынды.
Нотариус _______________ (Қолы) _________________
(Мөрдің орны)


100
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу

2-үлгі. 
Мұрагерлік істі жүргізу жөнінде
СЕНІМХАТ
1999 жылғы 18 мамыр, Қостанай қаласы
Мен, Қостанай қаласы, Төле би көшесі, 71 үй, 5 пәтер тұрғыны, ҚР 
ІІМ 1990 жылы 19 қыркүйекте берген, №0136197836 жеке куәліктің иегері 
Өскенбаев Азамат Қанатұлы, 
Қостанай қаласы, Ж.Аймауытов көшесі, 97 үйде тұратын ҚР ІІМ 
2001 жылы 14 ақпанда берген, №0136197836 жеке куәліктің иегері 
азамат Есенгелдин Жомарттың менің туған атам Бақытов Өскенбайдың 
қайтыс болуына байланысты одан қалған мүлік – 3 бөлмелі пәтерге менің 
мұрагерлік құқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін.
Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомарттың:
– менің атымнан өтініш жазуға;
анықтамалар мен құжаттар алуға;
– менің орныма қол қоюға;
– мұрагерлік құқық туралы куәлікті алуына өкілетті етемін.
Сенімхат 1999 жылдың 18 қарашасына дейін берілген.
1999 жылғы 18 мамыр Қолы ___________
Осы сенімхатты мен, 1991 жылы 3 ақпанда ҚР Әділет министрлігі 
берген №0004577 лицензия негізінде әрекет жасаушы Алматы қаласының 
«Іскер» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Әміреев Нұрлан Әденұлы
1999 жылы 18 мамырда куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде 
азамат Өскенбаев Азамат Қанатұлы қол қойды. 
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке 
қабілеті тексерілді. Сенімхаттың мәтіні дауыстап оқылды. №107 тізбеге 
тіркелді. 650 (алты жүз елу) теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус __________________ (Қолы) _________________
( Мөрдің орны)


101
Орынғазы Әбутәліп



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет