ӨТІНІМ
Анықтамасы:
Өтінім – көп жағдайда мекеме ішінде қажетті заттарды алу, бір адамды спорттық жарыстарға қатысуға сұрау мақсатында (бланк түрінде де, жазбаша түрде де толтырылып) жазылатын ісқағазының бір түрі. Өтінімнің құрылымы әртүрлі болады. Өтінім мәтін түрінде және
бланк түрінде де толтырыла береді.
Ортақ белгілері:
1. Екеуі де арнайы бланкіде толтырылады.
2. Алушы мен берушінің ресми атауы көрсетіледі.
3. Алушының не алатыны жөніндегі мәліметтер толық жазылады.
Айырмашылықтары:
Өтінім Тапсырыс 1. Мекемеішілік қатынаста
1. Мекемеаралық қатынаста
2. Келісімшарт жасау міндетті емес. 2. Келісімшарт негізінде жасалады.
3. Кепілдік көрсетілмейді.
3. Кепілдік көрсетіледі (тапсырыс
берушінің төлеуге қабілеттілігіне, ал
тапсырыс алушының қолында сол
тауардың болуына).
4. Біржақты болады.
4. Екіжақты болуы мүмкін (алмасады,
ұсыныс түрінде болады).
5. Тауар бағасы мен саны нақты
көрсетіледі.
5. Тауар бағасы мен санының ең көп
не ең аз мөлшері көрсетіледі.
6. Жеткізілім шарты көрсетілмейді. 6. Жеткізілім шарты көрсетіледі.
7. Төлем шарты көрсетілмейді.
7. Төлем шарты көрсетіледі.