О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет122/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   239
10. Жұмыс беруші міндеттері: 
Бұл  бөлікте  жұмысшыны  қалыпты  еңбек  жағдайымен  қамтамасыз 
ету,  еңбекақы  төлеу  мерзімі;  медициналық  сақтандыру,  зейнетақымен 
қамтамасыз ету сияқты әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттер ай-
тылады. Мысалы: 
Әкімшілік Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне 
сәйкес  қалыпты  еңбек  жағдайымен  қамтамасыз  етуге  міндеттенеді. 
Зейнетақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру жалпы 
Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ негізде жүргізіледі.
11.  Жұмысшының  еңбек  құқын  қорғауға  қосымша  кепілдік 
беретін мағлұмат: 
Бұл бөлікте жұмысшының еңбек құқын қорғауға берілетін қосымша 
кепілдіктер жайлы айтылады. Атап айтқанда, басқа жұмысқа ауыстыру, 
еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, қоғамдық көлікте жүруге 
берілетін  жеңілдік,  медициналық,  мәдени  және  тұрмыстық  қызмет 
көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, т.б. Мысалы: 
Еңбек  келісімінде  көрсетілген  мерзім  аралығында  жұмысшы 
көрсетілген  міндеттерді  толық  атқарып,  келісім  талаптарын 
орындаған жағдайда жұмыс беруші әкімшілік тарапынан қосымша мы-
надай жеңілдіктерге кепілдік береді:
аҚазақстан Республикасы Президентінің 21.04.1993 жылғы №431 
Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға;
әҚазақстан Республикасы Президентінің 22.07.1995 жылғы №132 
Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға;
бЖеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет